» » Бәріне бетперде керек-ақ...

Бәріне бетперде керек-ақ...


ЖОСАЛЫ, 21 наурыз – qarmaqshy-tany.kz ЕЛГЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ. КӨПШІЛІГІ ОНЛАЙН РЕЖИМГЕ КӨШТІ. АЛ ТІЛШІЛЕР КЕНТТЕГІ ДӘРІХАНАЛАРДЫ АРАЛАП, «МАСКА ЖОҚ» ДЕГЕНГЕ ЖАУАП ІЗДЕДІ.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ Таң. Жан-жақтан тараған хабарламалар. Қалтафонға дамыл жоқ. Әлеуметтік желіге кірсең бетперде іздеп әуре-сарсаңға түскендердің қатары артқан. Соңғы түскен қоңырауда редакцияға жақын маңдағы дәріханаға маска келгенін естідік. Дереу діттеген жерге жол тарттық. Мұнда тек 14 данасы қалыпты. Бір-біреуден алып, аузымызды таңып, қойын дәптерді қолға қысып келесі дәріханаға аттандық. Бұл жерге жиналған тұрғын алма-кезек бетперде сұрап әлек. Антисептик, этил спиртінің жөні бөлек әңгіме. «Түй, Құдай-ай» деп терең күрсінген орта жастағы әйел назарын аудартты. Маска іздеп әбден шаршаған секілді. Күткен кезектің ортасымен жақындай барып әңгімеге тарттық.
– Маска іздеп жүрсіз бе?
– Иә...
– Қай дәріханаларға бардыңыз?
– Арғы беттегілерден бастап аралап келе жатырмын. Таппадым, – деді ол. Әңгіме қызған шақта дәріхана басшысы Серғали Ешниязовтың өзі де келді. Кабинетіне кіріп, маска мәселесінің тінін тарқаттық.
– Қазір бұл бетперде көбінің сұранысына ие болып отырған шақ қой. Қоймада бар бетперденің барлығы өтіп кетті. Жақын арада келіп қалады. Бағаны өсірмейміз. Себебі біз сатып алған масканың үстіне 10 процентке жетпейтін баға қоямыз. Ал антисептикті жұрт бұрын қолданбайтын. Енді оның да сұранысы артып, қазір сатылымда жоқ. Оның орнына этил спирті бар, оны тұрғындар көптеп алып жатыр. Марла 70-80 теңгеден сатылуда. Бір реттік бетпердеден көрі жуып пайдалана беруге осы марланы алған абзалырақ, – дейді ол.
Келесі сапар «Аңсар» дәріханасында жалғасты. Қаладағы дәріхананың филиалы болса керек. Себебі бетпердеге баға сол жақтан қойылып келеді. Ал бетперденің өзі жоқ. Бірақ 60 теңгеден сатылыпты. Мұнда респиратор 1500 теңге, спирт 70- 90 теңгенің аралығында. Антисептик жоқ. Бағасы көпшілігінің қалтасына қонымды бетперде жақын арада келіп те қалады...
Осылай дәріханаларды бірінен соң бірін араладық. Маска жоқ. Антисептик жоқ. Жауапты мамандармен байланысып, алған ақпаратты қағазға түртіп алдық. Жол аудандық соттың жанында орналасқан Күлпәш Асарбаеваның дәріханасына түсті. Мұнда азанда 2000 дана бетперде келген. Түс қайта біз барғанша 400 данасы ғана қалыпты. Бағасы – 150 теңге. Фармацевттің айтуынша, бұл бетперделер Германиядан келген. Қызылорда қаласындағы тапсырыс жеткізушілерден алған сомаға тек 10 проценттен асырмай баға қойып отыр. Әр келген тұрғынға тек 5 данадан өткізеді. Соның өзінде алушылардың қатары көп.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ
Бұл күні аудан әкімі Мұса Қалдарбеков дәріханаларды аралады. Аудан орталығын дағы дәріханаларда болып, бағаның тұрақ тылығына баса назар аударды. Дәрі-дәрмектің жеткізілуін де саралап шықты. Кент орталығында орналасқан жұқпалы ауруларды қабылдау бөлімі мен емханаға аяңдап, жағдайдың тұрақтылығын бақылады.
– Алдағы уақытта да бағаның тұрақты, дәрідәрмектің тұрғындарға жеткілікті болуы, бетперделермен қамтамасыз етілуі тікелей бақылауда болады, – деді аудан басшысы сөз кезегінде.
Ал дәріханадағылар бетпердеге тапсырыс бергенін, жақын аралықта жеткізілетінін айтты...
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ
Маска мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Жауапты мамандармен байланыс та үзілмеді. Біз алған соңғы мәлімет бойынша, аудандағы бірқатар дәріханаға бетперде жеткізіліпті. Мәселен, жеке кәсіпкерлер Шаттық Жөнейтовада 500 дана, Тұрсынай Кенебаевада 700 дана, Балымша Хамитовада 300 дана, Күләш Асарбаева мен «Береке» дәріханасында 2800 дана, Алмагүл Мұхановада 500 дана бетперде бар. Дәріханаларға маска Қарағанды, Алматы секілді әр түрлі аймақтан, оның ішінде «Далатекстен» келгендері де бар.

Түйін:
Жақсы жаңалыққа куә болдық. Былтыр "Zhas Project" жобасының жеңімпазы болған Эльвира Әзірбекова аудан жастарымен бірігіп бетперде тігуді қолға алды. Бетперделер аудандағы жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі отбасыларға тегін таратылды. Бұл игі бастама әлі де жалғасын табады. Әрине, бәріне бетперде керек-ақ. Медициналық қажетті заттармен халықты қамтамасыз ету – биліктің басты талабы. Сол үшін маска мен антисептик іздеген тұрғындар барлығын сабырмен күткені абзал.

Айнұр ӘЛИ
21 наурыз 2020 ж. 928 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 057

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031