» » Facebook желісі медициналық масканы жарнамалауға қатаң тыйым салды

Facebook желісі медициналық масканы жарнамалауға қатаң тыйым салды

«Covid-19 вирусының таралуын мұқият қадағалаймыз және осы төтенше жағдайды пайдаланып кетуге тырысатын адамдарды көрсек, саясатымызды өзгертіп отырамыз», - дейді Facebook өнімдер менеджменті бөлімінің басшысы.
Facebook желісі медициналық масканы жарнамалауға қатаң тыйым салды
Коронавирустың таралуына байланысты алыпсатарлыққа жол бермес үшін Facebook медициналық маскаларды жарнамалауға тыйым салды. Бұл туралы Facebook өнімдер менеджменті бөлімінің басшысы Роб Летерн Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Біз бетке арналған медициналық маскаларды сату туралы жарнамалар мен коммерциялық хабарламаларға тыйым саламыз. Covid-19 вирусының таралуын мұқият қадағалаймыз және осы төтенше жағдайды пайдаланып кетуге тырысатын адамдарды көрсек, саясатымызды өзгертіп отырамыз. Біз келесі күн ішінде осы шешімді орындауды бастаймыз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бетперде тапшылығы мәселесі бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов түсініктеме берген еді. Оның айтуынша, медициналық маска бойынша отандық өндірушілер тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатыр.
Алайда, инфекция қаупіне байланысты оған сұраныс та артқан. ҚР ДСМ «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаевтың мәлімдеуінше, елімізде бір адамға 10 данадан артық медициналық маска сатылмауы мүмкін.


09 наурыз 2020 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 559
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930