» » Қытайлық ғалымдар коронавирустың қайдан шыққанын анықтады

Қытайлық ғалымдар коронавирустың қайдан шыққанын анықтады

Қытай ғылым академиясының тропикалық ботаникалық бағындағы ғалымдар COVID-19 вирусының таралуы желтоқсанда емес, 2019 жылдың қарашасында басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Сарапшылар бұндай тұжырымға 12 елден жиналған коронавирустың 93 үлгісінің геномдарын зерттеп (мәліметтер базасына 12 ақпанға дейін қосылды), сондай-ақ инфекция көздері мен таралу жолдарын талдау арқылы келді.
"Коронавирустың жаңа түрі "Хуанань" теңіз өнімдеріне басқа жерден келіп, тез арада нарыққа және одан басқа жерлерге таралды", делінген хабарламада.
Қытайдың тоғыз провинциясындағы жұқтыру оқиғалары Ухань қаласымен тікелей байланысты екенін байқауға болады.
Сонымен бірге, Гуандун провинциясында инфекцияның үш көзі, Чунцин мен Тайваньда тағы екеуі анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан шетелдіктердің вирусты екі әр түрлі жерде жұқтыруы мүмкін.
Соңғы деректер бойынша, коронавирустан 2345 адам қайтыс болды.
Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар круиз коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.
Ал кейінірек Жапонияда 218 адам коронавирус жұқтырған круизді лайнерде төрт қазақстандықтың бар екендігі анықталды.
Біраз уақыттан кейін лайнердегі екі адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталды.
24 ақпан 2020 ж. 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031