» » Белгісіз вирусқа шалдыққан бір адам ажал құшты

Белгісіз вирусқа шалдыққан бір адам ажал құшты

Қазір вирус жұқтырғандар саны 59 адамға жетті.
Белгісіз вирусқа шалдыққан бір адам ажал құшты
Қытайдың Ухань қаласында әлі күнге дейін анықталмаған вирус салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 Қытайдағы жергілікті ақпарат көздері таратқан мәліметтерге сүйенсек, коронавирустың жаңа түрінен көз жұмған адам 61 жастағы Ухань қаласының тұрғыны екен. 
«2020 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрін 41 адамнан  таптық. Науқасқа шалдыққан адамдардың 7-нің жағдайы ауыр, ал біреуі көз жұмды. 2 пациент ауруханадан емделіп шықты», - делінген Ухань қалалық денсаулық сақтау органы таратқан хабарламада.
 Соңғы деректер бойынша, дәрігерлер 739 адамның денсаулығын бақылауға алса, оның ішінде, 419-ы медицина мамандары екен.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қытай билігі 31 желтоқсанда Ухань қаласында пневмонияның беймәлім түріне кем дегенде 27 адамның шалдыққанын хабарлаған. Олардың 7-еуі ауыр жағдайда.
Дәрігерлердің сөзінше, ауру жұқтырғандардың басым бөлігі қаладағы теңіз өнімдері сатылатын базарға барған. Қазір вирус жұқтырғандар саны 59 адамға жетті.


11 қаңтар 2020 ж. 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930