» » Бетперде іздесеңіз...

Бетперде іздесеңіз...

"Dalatex" тігін фабрикасының меңгерушісі Дархан Бектайұлының мәлімдеуі бойынша, "Dalatex" тігін фабрикасында тігіліп жатырған 8 қабатты көп ретті пайдалануға жарайтын жеке қорғаныш бетперделері бүгінгі таңда Қызылорда қаласындағы дәріханаларға өндіріліп жеткізілуде. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда бетперделер №1 дәріхана, Тасбөгет кентіндегі "Нұрлан" дәріханасы, Қызылорда (Универсам) сауда орталығы маңындағы "Нұрила" дәріханасы, "Маусым" дәріханасы және №3 гимназия жанында орналасқан Орталық дәріханаға бетперделер жеткізілді. 
Бүгін, яғни 16 наурыз күні қосымша басқа да дәріханаларға 10 мың данадан жеткізу жоспарланып отыр.
Ал арнайы қондырғының көмегімен өндірілетін бір реттік жеке қорғаныш бетперделері шикізатына Түркия еліне тапсырыс берілді, тапсырыстың келуіне қарай шығарылып таратылатын болады. Бір реттік жеке қорғаныш бетперделері шамамен осы апта аяғына, яғни 20 наурыздан бастап өндіріліп, таратылады деп күтілуде. 
16 наурыз 2020 ж. 1 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031