» » Вакцина алмаған қызметкер жұмыстан босатыла ма?

Вакцина алмаған қызметкер жұмыстан босатыла ма?

Бұл сұраққа ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Бүгінгі күннің деректері бойынша әлемде 189 млн жағдай тіркелді. Айта кету керек, соңғы апта ішінде әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 2 есеге артып отыр. Дерттің үдейе түсуі дельта-штамымен де байланысты, бүгінде аталған инфекция түрі 100-ден астам елде тіркелді. Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» тұр. Еліміздің 13 өңірі індет қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында. Қазақстанда ковид індетінің таралуы өсіп отыр», деді Айжан Есмағамбетова.
Комитет басшысы бүгінде еліміздің барлық аумағында карантиндік шектеулердің қатаңдатылып жатқанын айтты.
«Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар. Мақсат – жұмыстан қуу емес, керісінше ұжымдағы басқа да азаматтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызметкер жұмыстан уақытша босатылады, яғни вакцина алған жағдайда ол өз жұмысын қайта жалғастыра алады. Сондай-ақ вакцина алмаған жағдайда қызметкер аптасына бір рет ПТР тест тапсырса да болады», деп түсіндірді комитет төрағасы.
17 шілде 2021 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 259
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 138

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031