» » Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейді

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейді

 Мектептерде мерекелік шаралар өтпейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мектепке барып оқып жүрген оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді», – дейді Айжан Есмағамбетова. Сондай-ақ, ол 1 және 16 желтоқсандағы мереке күндері қосымша карантиндік шектеулер болатын-болмайтынын айтты. «Қосымша шектеу шаралары соңғы екі аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты қабылданды. Осы уақыттағы біздің мақсат – карантин талаптарын орындау. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірге қосымша карантин шаралары қабылданбайды. Мұндай шаралар әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ал жағдайдың қалай болатыны біздің әрқайсысымызға байланысты», – дейді ол.
18 қараша 2020 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031