» » Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді

Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуына қатысты соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
















Оның айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде жағдай тұрақталып келеді. Республика бойынша науқастар санының өсуі 7 проценттен аспайды.
"Жалпы, карантиндік шаралар өз нәтижесін берді. Осы орайда барлық қазақстандыққа сақтық шараларын сақтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Соның арқасында біз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып алдық", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігер қазіргі статистиканы ескере отырып, карантиндік шараларды бірте-бірте жеңілдету керек екенін атап өтті.


"Біз біртіндеп күнделікті өмірімізге көшуіміз керек. Бірақ карантиндік шаралар елдегі жағдайға қарай өзгереді. Осындай жұмыстың арқасында біз науқастардың күрт көбейіп кетуіне жол бермедік, медицина саласына салмақ түспеді. Енді науқастардың санына қарай карантинді де жеңілдетуге болады", - деп түйіндеді Есмағамбетова.

04 мамыр 2020 ж. 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 209
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031