» » «Тәуекелге барып отырмыз»: Тоқаев кімдердің жұмысқа шығатынын айтты

«Тәуекелге барып отырмыз»: Тоқаев кімдердің жұмысқа шығатынын айтты

Тоқаев карантиндік шараларды сақтай отырып, ірі қалаларда шағын және орта бизнес нысандарын іске қосуды тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантинді сақтай отырып, кейбір кәсіпорындарды біртіндеп іске қосуға рұқсат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .


Мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысында мемлекет басшысы төтенше жағдайды сәуірдің аяғына дейін ұзартты. Алайда карантиндік шараларды сақтай отырып, алдымен ірі қалаларда шағын және орта бизнес нысандарын біртіндеп іске қосу қажеттігін жеткізді.

"Иә, өмірді жандандыру керек. Бірақ біздің алдымызда екі міндет тұр. Біз халықтың денсаулығы үшін карантинді сақтай отырып, белгілі бір кәсіпорындарды жұмыс режиміне шығаруымыз керек. Осыған байланысты әкімдіктер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті сақтай алатын кәсіпорындардың тізімін әзірлеуі тиіс", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, тізімге кіретін кәсіпорындағы жұмысшылардың арақашықтығына да баса назар аударылады. Осының бәрін жергілікті жердегі дағдарысқа қарсы штабтар тексереді. Бұдан бөлек, штабтар кәсіпорындардың жұмыс режимі мен жұмысшыларды жеткізу тәртібін де анықтайды. Осының негізінде мемлекеттік комиссияның рұқсаты беріледі.

"Осындай жағдайда орталыққа бағынатын қала мен аймақ басшыларының жауапкершілігі арта түседі. Себебі біз кәдімгідей тәуекелге барып отырмыз. Бірақ басқа амал жоқ. Карантинді қатаң сақтау, соның ішінде оқушылар мен студенттерді қашықтан оқыту, балабақшалар – бәрі сол күйінде қала береді", - деп толықтырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасатынын айтты.

12 сәуір 2020 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031