Құрылтай
» » "Құқығымыз жоқ": Тоқаев халықтың кредитін төлеу туралы айтты

"Құқығымыз жоқ": Тоқаев халықтың кредитін төлеу туралы айтты

Президент қарыз алушының борышын мемлекет тарапынан өтеу бір реттік акция екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен азаматтардың берешегін өтеу шаралары жайында сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, қазіргі кезде осы санатқа жататындардың тізімі жасалып жатыр. Одан кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен тиісті мәліметтер алынады.
"Тізімдерді салыстыру жұмысы осы аптада аяқталады. Ал келесі аптадан бастап шілденің аяғына дейін банктер және микроқаржыландыру ұйымдары проблемалық кредиттер қорымен тиісті келісімдерді рәсімдейді. Ал мемлекеттік кредит бюросы 300 мың теңгеге дейін берешегі кешірілетін азаматтардың тізімін жасайды. Ал айыппұл мен өсімпұлдарды өтеу шаралары тамызға дейін аяқталады", - деді Досаев.
Президент бұл жұмысты жіті бақылауда ұстауды тапсырды.
"Бірақ бір нәрсені қайталап өтейіп, бұл – бір реттік акция. Одан кейін біз мұнымен көп айналыса алмаймыз. Көп айналысуға құқығымыз да жоқ. Дегенмен, айтқанымызды уақытында және сапалы түрде жасауымыз қажет", - деді Тоқаев.
15 шілде 2019 ж. 1 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 656
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31