» » "Таяу арада жаңа шешімдер жарияланады": Тоқаев қандай уәде берді?

"Таяу арада жаңа шешімдер жарияланады": Тоқаев қандай уәде берді?

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен бағдарын одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Инаугурация избранного президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева проходит сегодня, 12 июня, в столице Казахстана во Дворце Независимости

© SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ
Қасым-Жомарт Тоқаев ант бергеннен кейін мемлекеттік туды сүйіп, ресми түрде қызметіне кірісті
Қазақстан тарихындағы екінші президент өз қызметіндегі басты бес мақсатты атады. Оның ең алғашқысы – тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдары мен бастамаларын одан әрі жалғастыру.
"Қазақстан тұрақты дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін жаңа әдістер мен жаңа шешімдер қажет. Олар таяу арада жарияланады. Екіншіден, өткір әлеуметтік проблемаларды шешуді қолға алуды жоспарлап отырмын. Мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін үкіметке осы салада пәрменді шаралар әзірлеу тапсырылды. Бізге, әлеуметтік саясатты жаңарту қажет", - деді Тоқаев ұлықтау салтанатынан кейін.
Үшіншіден, мемлекет басшысы қазақстандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, іскерлік белсенділікті ынталандырып, орта класты қалыптастыруға баса мән бермек. Сондай-ақ, шеттен елге инвестиция тартуды да жоспарлап отыр.
"Төртіншіден, менің мақсатым – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын қорғау. Және ең бастысы, бесінші міндет - әр жерде және әрқашан Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын боламын", - деп уәде берді президент.
12 маусым 2019 ж. 1 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031