» » Қарызды өтеу мерзімін ұзартуға келісті

Қарызды өтеу мерзімін ұзартуға келісті

«Самұрық – Қазына» ҰӘҚ ІСВС-мен «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК жобасына тартылған қарызды өтеу мерзімін ұзарту туралы келіссөз жасалды. Бұл туралы Қордың баспаөз қызметі хабарлайды.
Қор делегациясы «Қытай Сайда – өнеркәсіп Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы И.Хуэймен кездесті. Бұл шара Президент Н.Назарбаевтың аспанасты еліне мемлекеттік сапары аясында өтті. Басты мақсат – 2015 жылы Қорға банк тарапынан берілген займның сыйақы мөлшерін төмендету және өтеу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту туралы келісімге келді. Айта кетейік, 2015 жылы «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖҚ акцияларының 50 пайызын сатып алу үшін банк тарапынан 1,5 АҚШ доллар қаржыландыруға 5 жылдық заем тартқан болатын.
Екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойған соң И.Хуэй ІСВС үш салада ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді. Оның біріншісі – облигацияларды орналастыру, сонан соң стратегиялық инвестор ретінде Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасына қатысу мен нақты жобаларды қаржыландыру.
Дәулет ҚЫРДАН.
14 маусым 2018 ж. 1 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031