Қатар холдингі Қазақстанға инвестиция құюға дайын
«Самрұқ-Қазына»ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Аль-Фейсал Холдигі» директорлары кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касим бен Фейсал әл-Тани шейхпен кездесті. Кездесу барысында екі ел басшыларының жеке кездесуі кезінде қол жеткізген келісімге сәйкес Қордың қоржындық компаниялары мен Катар компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Катар кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Шейх Фейсал бен Касим әл-Тани Катар кәсіпкерлеріне Қазақстанды инвестиция құюға қолайлы мемлекет ретінде ұсынатынын жеткізді. Шейхтің сөзінше, көрші мемлекеттердің Катарға қатысты енгізген эмбаргосына байланысты ел экономикалық ынтымақтастыққа, әсіресе көлік-логистика саласында жаңа мүмкіндіктер іздейді.
Кездесу соңында Ахметжан Есімов Қор компаниялар тобының құрамына ірі көлік кәсіпорындары кіретіндігін жеткізіп, Холдингпен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.