» » 2020 жылға дейін 900-ден астам нысан жекешелендірілмек

2020 жылға дейін 900-ден астам нысан жекешелендірілмек


Елімізде 2020 жылға дейін 900-ден астам нысан жекенің қолына өтпек.
Жекешелендірудің кешенді жоспары Елбасы Жолдауында айтылған тиімді мемлекеттік басқару міндетін жүзеге асыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтері мен «Қазақстан темір жолы», «Қазмұнайгаз», «Қазатомөндіріс», «Самұрықэнерго», «Қазпошта», «Эйр Астана» сияқты акционерлік қоғамдар мен ұлттық компаниялардың акцияларына инвесторлардың қызығушылығы жоғары болмақ. Бұл мақсаттағы шаралар IPO өткізу арқылы жүргізіледі.
Айта кетейік, соңғы екі жылда саудаға шығарылған 476 нысанның 367-сі сатылды. Қалғаны тарату, ұйымдастыру сатысынан өтіп жатыр. Ал өткен жылы 190 нысанның иесі белгілі болды. Сауда-саттықтан 108 млрд теңге түскен.
Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрі:
– Үкімет 2017 жылда мемлекеттік органдардың ведомстволық ұйымдарын түгендеу негізінде жекешелендірудің кешенді жоспарын 168 ұйыммен толықтырды. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жекешелендірудің кешенді жоспарында 902 ұйым бар. Яғни өсім 122 компания немесе 15,2 пайызды құрайды. Мемлекеттік меншіктегі ірі объектілерді және «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстар тұрақты негізде экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясында қаралады.
19 қаңтар 2018 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031