» » Ұжым болып вакцина алды

Ұжым болып вакцина алды


Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар әлі азаяр емес. Мамандар аурудың бірден бір алдын алу жолы вакцина алу деп есептейді. Пандемия басталғалы әлем ғалымдары ұжымдық иммунитетті қалыптастыру керегін айтып келеді. Өйткені халықтың басым бөлігі екпе алса, қазіргідей тез таралмайды. Дегенмен екпе алуды қауіп санайтындар қатары әлі көп. Ал өз денсаулығы үшін саналы қабылдап, ерікті түрде екпе алып жатқандар да жетерлік. Оның ішінде толығымен вакцина алып үлгерген ұжымдар бар. Аудандық статистика басқармасында 6 адам жұмыс істесе, алтауы да, қосымша санақ жүргізуге жауапты 17 қызметкер вакцина алыпты.
– Биыл халық санағы. Мамандар үй-үйді аралап санақ жүргізеді. Вирус өршіп тұрған шақта бұл өте қауіпті. Біздің мақсатымыз өзіміздің және өзгелердің саулығы. Вирустың жедел әрі жаппай тарайтыны алаңдатпай қоймайды. Егер арамызда бір қызметкер ауыра қалса, басқаларға, өзге әріптестеріне жұғу қаупі жоғары. Сондықтан өзім бас­тап, әріптестерім қостап түгел вакцина алдық, – дейді басқарма басшысы Кенжебек Таңбаев.
Ал осы мекеменің бас маманы Эльвира Жүздібекқызымен тілдес­кенімізде ол әріптестерімен бірге арабтың «Hayat-Vax» екпесінің екі кезеңін де өз еріктерімен алғанын айтты. Ешбірінде ауырсыну, дене қызуының көтерілуі деген секілді жайсыздық орын алмапты. «Вакцина әркімнің өз денсаулығы үшін ғой» дейді ол.
– Халықтың басым бөлігі екпе алса, қазіргідей тез таралмайды. Сондықтан инфекцияның алдын алуда ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз қа­жет. Ол үшін аудан тұрғындарының көп бөлігі вакцинациялануы тиіс. Қазір вирусты гепатит, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, сал және қызылша сияқты көптеген жұқпалы аурулардан қорғайтын вакциналар бар. Егер вакцина алсақ біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да жұқпалы аурудан қорғаймыз. Кейбір адамдарға, мысалы жүкті әйелдер, емізулі баласы бар аналарға, 18 жасқа толмағандар, ауыр науқастарға белгілі бір вакцина алуға болмайды, сондықтан олар инфекция жұқтырып алмас үшін басқа адамдардың вакциналануына тәуелді, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Әрбір адам сауатты болып, вакцинаның адам ағзасына өте пайдалы екенін түсінуі тиіс.
Г.ДҮЗЕНОВА
13 шілде 2021 ж. 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031