» » Екпе ұжымдық иммунитетті қалыптастырады

Екпе ұжымдық иммунитетті қалыптастырады

Жер-жаһанды жайлаған қауіпті індет кесірінен қазір әлем халқы күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осыған дейін алапат індетті тек иммундау арқылы ғана ауыздықтаған болсақ, бұл аурудың да асқынуына екпе салдыру арқылы жол бермейміз. Вакцина дертті ағзамыздан бірден жойып жібермейді, тек өршіп кетпеуіне немесе ауруды жеңіл өткеруге көмектеседі. Сондықтан қазір әлемде барлық ел «Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға» күш салып жатыр. Осы орайда аудандағы мекемелер де осы үрдістен қалыс қалмауда.
Аудандық орталық кітапхана ұжымының қызметкерлері жаппай екпе алған. Кітапханада 14 қызметкер болса, оның 12-сі КВИ-ге қарсы вакцина салдырған.
– Мекеме қызметкерлері екпенің екі компонентін де толық алды. Ешқандай тәнді ауыртатындай әсер байқалған жоқ. Израиль, АҚШ, Ұлыбри­тания сияқты өркениетті елдің көбі вакцина алуда алға шығып жатыр. Өткен ғасырлардың басында да осындай індет тараған кездер болған. Соның бәрін адамзат әртүрлі вакциналарды ойлап тауып, жеңіп отырды емес пе?! Пандемия кезінде ұлтты, мемлекетті сақтаудың бірден-бір жолы – вакцина алу. Денсаулық керек болса, күтіну керек. Айналамызға да біздің қауіпсіз болғанымыз қажет. Өзімізді де, жақындарымызды да күту осыдан басталады, – дейді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева.
Иә, коронавирусқа қарсы вакцинаны екі кезеңмен енгізеді. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі аурумен күресетін антиденелер саны артады. Дегенмен вакцина алғаннан кейін босаңсымай барлық сақтық шараларын жасау керек. Халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастырмай, бұрынғыдай еркін жүруге әзірге болмайды. Ұжымдық иммунитет халықтың 60 проценті екпе алып, аурудың жаңа жағдайларын тіркеу төмендегенде қалыптасады. Сондықтан аурудың алдын алу және таралуын болдырмаудың бірден-бір жолы – вакцинация екенін естен шығармайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
29 мамыр 2021 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031