» » » Гүлнар Төлепбергова: "Вакцина – иммунитет қалыптастырады"

Гүлнар Төлепбергова: "Вакцина – иммунитет қалыптастырады"


Санитарлық талаптардың қатаң сақ­талмауынан ауданымызда да «COVID-19» қауіпті індеті қайта белең алуда, індет жұқтырғандар қатары көбеюде. Сондықтан коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы – вакцина қабылдау. Аудандағы эпидахуал жағдайы қалай болуда, вакцинаның тиімділігі қандай? Осы жөнінде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергеновадан сұрап, әңгімелескен едік.

– Қазіргі таңда аудандағы ахуал қандай?
– Аудан бойынша коронавирусты инфекциясынан эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағалануда (5 сәуірдегі мәлімет бойынша). Дегенмен, облысымыз сәуір айының соңында аурушаңдылық көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақтар қатарына енген болатын, мамыр айының 3-і күнгі мәлімет бойынша облыс "сары" аймаққа, ауданымыз "жасыл" аймаққа көшті. Дегенмен де ауданда ағымдағы жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін коронавирусты инфекциясының 106 нақтыланған жағдайы тіркеліп отыр. Аурушаңдылықтың ең жоғарғы көрсеткіші сәуір айына сәйкес келді (қаңтар – 9, ақпан – 3, наурыз – 3, сәуір – 81, мамыр – 10). Қазіргі таңда 17 науқас аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда, 28 науқас клиникалық белгілерінің болмауына байланысты 14 күнге үй карантиніне оқшауланды. 60 науқас толық жазылып шықты (1 науқас негізгі ауруы бо­йынша қайтыс болды).
– Тұрғындарды толғандыратын бір сұрақ – COVID-19 вакцинасы қаншалықты қауіпсіз?
– Ауданда осы жылдың 9 наурызынан бас­тап коронавирусты инфекциясына қарсы егу жұмысы басталды. Орталық емхана жанынан арнайы егу кабинеті жасақталып, күнделікті сағат 8.00-24.00-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз егу жұмысын жүргізуде. Ауданға Қазақстан Республикасында өндірілген "СПУТНИК V" вакцинасы Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуде өткен және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. РФ Тікелей инвес­тициялар қорының мәліметі бойынша бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген және көптеген елдер қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда.
– Бүгінде ауданда қанша адам вакциналанды?
– Қазіргі таңда ауданға 3000 доза вакцина жеткізіліп, бірінші кезекте халық арасында қауіпті топқа жататын контингенттер (медицина қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар мен мекеме мамандары, мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру орталықтарының мамандары және т.б.) және Д есепте тұратын аудан тұрғындары екпе алды. 5 мамырда ауданымызға 400 доза вакцина жеткізіліп, егу жұмыстары жалғасуда.
– Екпеден кейін қандай да бір кері әсер болуы мүмкін бе?
– Қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін вакцинаның көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, иммунизациядан кейінгі ықтимал көріністер, вакцинаны енгізу және сақтау мен тасымалдау шарттары туралы толық мәліметі бар вакцина нұсқаулығы талап етіледі. Адамның организмі кез келген вакцинаны енгізуде иммунитетті қалып­тастыратынын, сондай-ақ иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болуы мүмкіндігін атап айту маңызды.
– Тұрақты иммунитет қалыптасу үшін қаншалықты уақыт қажет? Ұжымдық иммунитет дегенді қалай түсінеміз?
– Коронавирусқа қарсы вакцина 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізеді. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі аурумен күресетін антиденелер саны артады. Дегенмен вакцина алғаннан кейін босаңсымай барлық сақтық шараларын жасау керек. Халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастырмай, бұрынғыдай еркін жүруге әзірге болмайды. Ұжымдық иммунитет халықтың 60 проценті екпе алып, аурудың жаңа жағдайларын тіркеу төмендегенде қалыптасады. Сондықтан аудан тұрғындарына аурудың алдын алу және таралуын болдырмаудың бірден бір жолы – вакцинация екенін айта отырып, барлығын екпе алуға шақырамын!
– Сұқбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 мамыр 2021 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031