» » Мониторинг топ жұмысын күшейтті

Мониторинг топ жұмысын күшейтті

Бүгінде елдегі эпидахуал жағдайы күрделеніп отыр. Күннен-күнге вирус жұқтырушылар саны да артуда. 16 сәуірдегі жағдай бойынша бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды. 2656 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. 71 адам Сovid-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Қазіргі уақытта елде 36 868 адам коронавирустан емделіп жатыр. 616 науқастың жағдайы ауыр. Ал аудандағы ахуал қандай?

Жыл басынан бері 38 коронавирус инфекциясы тіркелді, оның симтомдысы – 16, ауру белгілері жоғы – 22, бұл 2020 жылдың осы уақытымен (5 КВИ) салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 7,6 есеге өсіп отыр.
Осы орайда аудандағы мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді. КВИ-дің таралуына жол бермеу мақсатында аудан әкімінің өкімімен былтыр мобильді топ құрылып, жұмысын бастаған болатын. Басты мақсат – аудан көлемінде карантин кезінде ұжымдық, жанұялық және дәстүрлік жиындарға тыйым салу, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуына мониторинг жүргізу. Құрылған жұмыс тобы "Covid-19" таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиялық, санитариялық-профилактикалық ісшаралар ұйымдастыру мақсатында Қызылорда облысының Бас санитариялық дәрігерінің қабылдаған қаулысының талаптарын, республикалық, облыстық, ведомствоаралық комиссияларының облыстық, аудандық штаб тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Бүгінде санитарлық талапты қадағалайтын 4 мобильді топ жасақталған. Топ мүшелері жыл басынан бері аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, аудан әкімдігі, ішкі саясат, кәсіпкерлік, басқа да сала мамандарымен бірігіп 62 рейд ұйымдастырылып, 197 нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде балабақшалар саны – 57, мектептер бойынша – 79.
Елімізде қалыптасқан пандемиялық жағдайға сәйкес облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13 сәуір күнгі №8 қаулысын басшылыққа ала отырып аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық полиция бөлімі және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінен құрылған мониторингтік топ өкілдері Жосалы кентінде орналасқан балабақшаларды аралап, ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады.
Аудандық санитарлық эмидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан бері облыстық Бас санитариялық дәрігердің қаулысын орындамай, карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-425/1 тармағымен – 38 айыппұл (2 829 490) салынып, оның 36-сы өндірілген. Салынған айыппұлдар бойынша 25-і бетперделік ереже сақталмағаны үшін болса, ал 13-і көпшілік жиын, яғни той жасағандар. Олардың ішінде Төретам кенті – 32, Жосалы кенті – 5, Дүр Оңғар ауылы – 1.
– Аурудың алдын алу, оны болдырмау мақсатында ауданға 180 доза "Спутник-V" вакцинасы келіп, оның 100 дозасы аудан орталығына, 80 дозасы Байқоңырға (Төретам, Ақайға) берілді. 1-ші компонент наурыз айының 9-15 аралығында толық салынды, 2-ші компонент наурыз айының 30-7 сәуір аралығында 179, яғни 99,9 процент егілді. 1-еуі денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Вакцина алғандардың басым көпшілігі – медицина қызметкерлері, 1-аудандық депутат, 1-кәсіпкер, 1-мұғалім. Қазіргі таңда аудан бойынша 30 инфекциялық бокс палатасы мен 270 провизорлық орын (орталық ауруханада – 100 орын, 50 – колледж жатақханасы, 120 – Байқоңыр) дайын тұр, – дейді санитарлық эмидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова.

Түйін. Ауданда түсіндірме жұмысы мейлінше жүргізілуде. Әйтсе де тұрғындар өміріне төнген қауіпті әлі толық сезінбей отыр. Той-думанды тыймай, шектеу шараларын елемеуде. Тұрғындар жағдайға салғырттықпен қарамауға тиіс. Басты байлық – адам өмірі мен денсаулығы. Саулық – сақтықта. Осыны естен шығармайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ




17 сәуір 2021 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031