» » Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА:"Екпе егудің арқасында түбегейлі жойылып кеткен аурулар бар"

Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА:"Екпе егудің арқасында түбегейлі жойылып кеткен аурулар бар"


Вакцинаның ең басты мақсаты – ағзаны вируспен таныстырып, онымен күресуге үйрету. Осылайша «иммундық жүйе» вирусты тауып, оның алдын алу үшін жедел антиденелер түзеді. Яғни, вакцина адамның қорғаныш құралы.
Негізінен, медицина ғылымы бірқатар індетті осы вакцинациялау арқылы жеңген. Тіпті екпе егудің арқасында түбегейлі жойылып кеткен аурулар бар. Ал Covid-19 талайдың өмірін қиған вирус екені бәріне белгілі. Бүгінгі күннің өзінде коронавирус 2 миллион адамның өмірін жалмап кетті. Сол себептен бұл вирустан максималды түрде сақтанып, оның алдын алған жөн.
Ақпан айының басынан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Вакцина егу біздің елде тегін және ерікті түрде жүргізілуде. Аурумен күрескеннен гөрі оның алдын алған жеңілірек екенін естен шығармау қажет. Сол себепті барлық адам вакцина салдырып, індетті бірге жеңген жөн!
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

07 ақпан 2021 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728