» » Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды

Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді.
«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.
18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды.
КВИ-ге қарсы вакцинация эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.
1 ақпанда басталатын  бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады.
1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері.
1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар егу салдырады.
Иммундау алдында:
- егу салдыратын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар мен кері әсері, сондай-ақ егуден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беріледі;
-ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту қағазы ресімделеді (ҚР ДСМ 13.06.2018 ж. № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» БК 1-қосымшасына сәйкес).
- әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес егілгендерге сауалнама жүргізіледі.
Әйелдерге вакцина салмас бұрын жүкті емес пе, бала емізбей ме, соны анықтау қажет (күмәнді жағдайда жүктілікке тест пайдалануды және/немесе вакцинациялау мерзімін ауыстыруды ұсыну).
Сонымен қатар, вакцинацияның қауіпсіз екенін ескерген дұрыс. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскенен кейін де үнемі бақылауда болады.
26 қаңтар 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031