» » Қазақстандағы екпе салу туралы шындық – денсаулық министрі жазба жариялады

Қазақстандағы екпе салу туралы шындық – денсаулық министрі жазба жариялады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екпе салу туралы тағы да түсініктеме берді. Оның айтуынша, вакцинация тек адамның келісімімен немесе балаға қатысты болса, заңды өкілінің рұқсатымен ғана жасалады.

«Тағы бір рет вакцина туралы бар шындықты тыңдауды өтінемін. Адамға екпе салу – аурулардың алдын алуға арналған медициналық қызмет. Ол қолданыстағы Кодекс және жаңа Кодекс жобасы бойынша тек адамның келісімімен ғана жасалады. Кез келген адам (ата-ана) бас тарта алады», – дейді министр.
Министр вакцинация жасау халықты эпидемия мен инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз тәсіл екенін еске салды.
«Сондықтан кез келген мемлекет үшін міндетті. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің міндетті шарасы. Егер вакцинация міндетті болмаса, перзентхана мен емхана дәрігерлері де екпе жасамайды», – деді Біртанов.
Оның айтуынша, мұның салдарынан жылына 4 миллионнан астам балаға гепатит, полиомиелит, туберкулез, пневмония сынды инфекцияларға қарсы мемлекет есебінен тегін екпе салынбайды.
Бұған дейін министр міндетті вакцинацияға қатысты әлеуметтік желідегі пікірталас туралы ойын айтқан болатын. Ол вакцинадан бас тартып жатқандардың саны көп екені жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Kyzylorda-news.kz
07 маусым 2020 ж. 1 046 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930