» » Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін елімізде республикалық вакцинация науқаны басталды. Осы орайда ведомство басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасына барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.

"Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан ерте, екі апта бұрын бастаймыз. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым", - деді А.Цой.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дистрибьютор халықтың 10 пайызынан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 2 млн. астам дозасын сатып алды. Вакцина құрамында тұмаудың үш штаммы және қарсы антиген бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасына тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 7200 дозасын бөлген.
14 қыркүйек 2020 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 436
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 237

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930