» » Қазақстанда індет бойынша болжам қандай?

Қазақстанда індет бойынша болжам қандай?

Коронавирустық инфекцияның өсуі қашан нөлге тең болады? COVID-19 індетінің екінші толқыны қашан болады деп күтілуде? Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтып берді.
Денсаулық сақтау министрі елімізде жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ және тұмау ауруларының саны артатынын еске салды. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі COVID-19 пандемиясын ескере отырып, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін жыл сайын тұмауға қарсы егу жоспарланған. Сонымен қатар, республиканың бас дәрігерінің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурстары дайындалуда.

«Жұмыс істеп тұрған және резервтегі төсек-орындар толықтай дайын. ПТР-тестілеу үшін қосымша қорлар әзірленуде. Қоймаларда және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар жинақталуда. Өңірлерде медициналық ұйымдар үшін жеке қорғаныс құралдарының қорлары құрылады. Коронавирусқа ұқсас пневмониямен ауырған науқастарға емханалар деңгейінде көмек көрсету үшін емдеу схемалары дайындалуда. Мұндай ауруларды емдеуге арналған препараттардың тізімі беске дейін кеңейтілді, олар пневмония мен COVID-19 түрлерін ерте кезеңде емдеу үшін практикада қолданылатын болады. Барлық өңірлер ӨЖЖ аппараттарын, оттегі концентраторларын сатып алады. Біз күзгі-қысқы кезеңде көптеген аурулар бойынша көрсеткіштердің өсуіне әзірленудеміз және бұл өсу бұрын енгізілген карантиндік шаралармен, карантиннен кезең-кезеңмен шығу шараларымен бәсеңдейді деп үміттенеміз. Егер сырқаттанушылық күрт өсетін болса, қосымша шаралар енгіземіз», – деп сендірді Денсаулық сақтау министрі.
10 тамыз 2020 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031