» » Қазақстанда 8,5 мың медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 8,5 мың медицина қызметкері коронавирус жұқтырған


Қазақстанда сегіз мыңнан аса дәрігер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы онлайн-брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Елде 8518 медицина қызметкері КВИ жұқтырды. Пневмониямен қаншау екені туралы бүгінгі таңда деректер жоқ. Бірақ медицина қызметкерлеріміз коронавирус пневмониясымен күресте сырқаттанып, төлем алуға өтініш берсе, біз қолдаймыз. Олардың медициналық құжаттары жергілікті атқарушы органдар деңгейінде комиссияға жіберіледі", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлеріне берілетін өтемақы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Қазір мұндай 71 жағдай қарастырылған. Эпидемиологиялық тексерулер жүргізіліп жатыр, адам жұмыс орнында немесе сыртта вирус жұқтырғаны анықталады. Бұл карталар әкімдіктер жанындағы медициналық комиссияға берілді. Алдағы уақытта өңірлік комиссиялар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйелерін қарап, оларға жүктейді.

Неліктен өлім мәселесі ертерек қаралып отыр? Сырқаттанғандар бойынша азаматтарымыз көмек алып қойған.

Комиссияның қарауына ұсынылатын бір құжат болған. Бұл мұрагерлік құқығы. Ол 6 ай ішінде келеді, туыстары мұрагердің кім екенін, яғни белгілі бір адамды анықтайды. Кідірістің негізгі себебі осы.

Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр, медицина қызметкерлерінен қосымша келіп түскен барлық өтініш қаралады", - деді Алексей Цой.
03 тамыз 2020 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930