» » Қазақстанда бұрынғы денсаулық вице-министрінде коронавирус расталды

Қазақстанда бұрынғы денсаулық вице-министрінде коронавирус расталды

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Кеше Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған болатын.


"Кеше үкімет қаулысымен Камалжан Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына Надыровты тағайындау жоспарланған еді",- деп жазды министр.

Алайда Надыровтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

"Кеше кешке Надыровқа коронавирус инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты. Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдіремін!", - деп жазды Біртанов.

Соған байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды.

Сонымен қатар министр Алматыдағы COVID-19 қатысты жағдай мемлекет және қала басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Соңғы мәліметке сәйкес, қалада 680 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды, науқастардың жартысына жуығы – медицина қызметкері.

"Орталық қалалық клиникалық ауруханадағы індеттің ошағы оқшауландырылды, барлық науқас, коронавирус инфекциясы диагнозы расталған қызметкерлер қаладағы стационарларға жатқызылып, ем қабылдауда",- деп жазды министр.

Орталық аурухана ғимараты дезинфекцияланған соң ғана науқастарды қабылдайтын болады.


22 сәуір 2020 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031