» » Президент "табиғаты белгісіз пневмония" жайлы министрдің өзінен сұрады

Президент "табиғаты белгісіз пневмония" жайлы министрдің өзінен сұрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан "жаңадан таралып жатқан" пневмония жайлы сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

"Менің бірнеше сұрағым бар. Біздің елімізде белгісіз пневмония таралып жатыр деген мәлімет менің құлағыма жетіп отыр. Бұл біздің статистикада есептеліп жатқан жоқ көрінеді. Бұл не деген пневмония? Одан осы уақытқа дейін қанша адам көз жұмды?" - деді Тоқаев. 
Министр жарты жыл ішінде пневмониямен 98 546 ауырғанын айтты. 2019 жылы осы уақыт аралығындағы көрсеткіш 63 436 адамды құраған, өсім - 55,4%. Сөзінше, әрбір медициналық ұйымдар статистика жүргізіп отырады екен. 
"6 айда 1 772 пневмониядан көз жұмған. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 1780 болған", - деп қосты министр. 
Президент бұл жағдай кемшіл тұтсардың бірі екенін атап өтті. 
Бұған қоса Цой осы жылы пневмониядан өлім деңгейі 2,3 есе артқанын жеткізді. Ол былтырғы жылы маусымда 274 адам пневмониядан көз жұмса, биыл бұл айда 628 адам аталмыш аурудан бақилық болғанын ескерді. 
Мемлекет басшысы денсалық сақтау министрлігі пневмониямен күреске де айтарлықтай көңіл бөлуді тапсырды. 
Министрдің айтуынша, пневмонияға шалдыққандардың тең жартысының сынамасы коронавирусқа теріс нәтиже көрсеткен. Қазіргі таңда науқастарға арнап қосымша төсек-орындар дайындалыпты. 
"Жағдай төтенше болып тұр ғой сонда? Өлім деңгейі өте жоғары, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев. 
Денсаулық сақтау министрі осы жылы пневмонияның бірнеше түрі таралғанын айтып кетті. 
"1-8 маусым аралығында 56 809 адам пневмонияға шалдыққан. Ауру жұқтырғандардың саны күрт өсуде. Вирустық пневмониямен 7 348 адам, бактериялық пневмониямен 9 759 адам, коронавирусқа ұқсас пневмониямен 39 702 ауырып жатыр", -деді Цой. 
Бұған қоса ол Қазақстанда 313 адам коронавирустан көз жұмғанын атап өтті. 
Еске салайық бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі тарауда" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме бергені айтылған еді. 
12 шілде 2020 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031