Ауданда тұмауға қарсы екпе салу басталды
Биыл пандемияға байланысты былтырғыға қарағанда тұмауға қарсы вакцинациялау ерте басталды.Жыл сайын екпе 1қазаннан салынатын еді.Осы жылы 15 қыркүйектен қолға алынды.
Еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды. Осы кезде суық тиіп, тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін. Иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады. Енді көп ұзамай жұқпалы тұмау кең етек алып, ауырып қалу мүмкіндігіңіз бірнеше иесе жоғарылайды. Ауруды өткеруді жеңілдетіп, тұмаудан сақтап қалуға вакцинаның көмегі жайлы естіген боларсыз. Тұмауға қарсы вакцинаның еш қаупі жоқ па? Пайдасы қанша? Осы мәселені бірге зерттеп көрейік.
Вакцинаның пайдасы
Тұмауға қарсы вакцина шын мәнінде жұмыс істейді, ол сізді эпидемия кезінде аурудан сақтап, тұмауға шалдыққан жағдайда, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Бір вакцинаға кететін қаражат ертең ауырып қалған жағдайда дәрілерге кететін ақшадан әлдеқайда аз. Сонымен қатар сабағын және жұмысын қалдырғысы келмейтін жандарға алдын-ала вакцина жасаған дұрыс.
Кішкентай бүлдіршіндер үлкендерге қарағанда тұмауды қиын өткереді. Сол себепті балаларға да екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын (өлімге дейін) 30% -ға төмендетеді. Жүкті әйелдер вакцинаны жүктіліктің 14-ші аптасынан кейін жасатқаны дұрыс.Осы ретте Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері НЫСАНБАЕВ БАҚЫТЖАН САҒИЛАТҰЛЫ көпшілікпен бірге тұмауға қарсы вакцина салдырды.
Біз ұсынып отырған вакцина Ресейден шыққан, негізі егу -тұмаудың алдын алуға таптырмас мүмкіндік.