» » Коронавирусқа қарсы вакцина: дәрігер еріктілердің жағдайы туралы айтып берді

Коронавирусқа қарсы вакцина: дәрігер еріктілердің жағдайы туралы айтып берді

Ресейдегі Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатқан еріктілердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті дәрілік заттарды клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
18 маусымда Сеченов университетінде COVID-19 вирусына қарсы вакцинаға клиникалық зерттеу басталды.
Елена Смолярчуктың айтуынша, еріктілердің бірінші тобы осыдан 3 апта бұрын, ал еріктілердің екінші тобы 2 апта бұрын вакцина алыпты.
Ғалым коронавирусқа қарсы вакцинаның басқа вакциналардан айырмашылығы байқалмағанын айтады. Ол инъекцияның орнында терінің қызаруы байқалғанын, кейбірінің басы ауырғанын, кейбірінің дене қызуы көтерілгенін, тамағы жыбырлағанын, тамырлары ауырғанын атап өтті.
Елена Смолярчук вакцинаның еріктілерге әсері аз болғанын жеткізді.
"Қазіргі таңда еріктілердің жағдайы жақсы. Олардың шағымдары жоқ. Бүгінде зертханалық көрсеткіштер те ойдағыдай, қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді ғалым.
Ол еріктілердің жағдайы жақсы болса, 15 және 20 шілде аралығында зерттеу орталығынан шығарылатынын жеткізді.
Оның айтуынша, егер вакцина тиімділігін дәлелдесе, ол Ресейде ғана емес, шетелде де қолданылуы мүмкін.
Вакцина биотехнологиялық әдіспен жасалған. Сондықтан ол вакцинация кезінде ауру тудыруы мүмкін емес. Себебі адам ағзасына вирус тірі күйінде немесе инактивтендірілген түрде енгізілмейді дейді ғалым.
07 шілде 2020 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031