» » Тұмау: қорғану әдістері

Тұмау: қорғану әдістері


Тұмау вирусы ауа-тамшы арқылы таралады. Сау адамның ауырған адаммен өткінші байланысы және тіпті науқас адам демалған, түшкірген және жөтелген бір үй-жайда, көлікте болу – жұқтыруға әкеледі. Вирус жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығына түсіп, онда көбейіп, әрі қарай бүкіл денеге тарайды. Ауру жұқтырғаннан кейін 1-3 күн ішінде дамиды. Тұмаумен ауырған адамның дене қызуы көтеріліп, қалтырау, қатты бас ауруы, көз алмасының ауыруы, сүйектер мен бұлшық еттердің сырқырауы, әлсіздік пайда болады.
Тұмаудың асқынулары ең үлкен қауіп болып саналады. Олардың арасында вирусты пневмония (өкпенің қабынуы), вирустық энцефалит және менингит (бас миының қабынуы), вирустық миокардит (жүрек бұлшық етінің қабынуы), ішектің вирустық зақымдануы организмнің маңызды сусыздануына, конъюктивитке, жүкті әйелдерде түсік түсу қаупіне әкелуі мүмкін. Тұмау – тіпті сау адамның ағзасы үшін үлкен күйзеліс, ал созылмалы аурулары бар адамдар үшін ол одан да қауіпті. Тұмаудың асқынуларының басқа түрі – созылмалы аурулардың асқынуы (бронхит, бронх демікпесі, қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі және т. б.)
Тіпті, қазіргі заманғы медицинаның жетістіктеріне қарамастан, әлемде жыл сайын бірнеше ондаған мың адам тұмаудан өледі. Әрбір 2000 тұмаумен ауырған жағдайға бір өлім жағдайы тиесілі. Егер адам тұмауға қарсы күресті дер кезінде бастамаса, ауру қайғылы яқталуы мүмкін. Сондықтан ағзаны шынықтыру, спортпен шұғылдану, жеке гигиенаны сақтау сияқты аурудың алдын алу шараларын жүргізу өте маңызды. Бірақ бүгінгі таңда медицина тұмаудың алдын алудың ең тиімді құралы тұмауға қарсы вакцинациялау деп санайды.
Вакцинация тұмаумен сырқаттанушылық деңгейін 1,6-дан 10 есе ретке дейін төмендетеді, ауыр асқынулардың дамуын ескертеді және өлім жағдайларын төмендетеді. Егу тұмаудың алдын алудың ерекше құралы болып табылады, өйткені мақсаты вирусты жою болып табылатын антиденелердің – қорғау агенттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Алайда, тұмаудың алдын алудың бұл әдісі күні бұрын қолданылуы тиіс – ағзаның вирусқа қарсы реакциясы мен қорғаныш кедергілері қалыптасып үлгеру үшін эпидемия басталуының алдынан бірнеше ай бұрын. Тұмау вирусының жоғары құбылмалы қабілеті бар. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, осы маусымда күтілетін, тұмау вирусының өзекті штаммдарына қарсы тиімді болатын жаңа вакциналар әзірленеді. Сондықтан тұмауға қарсы екпені жыл сайын жасау керек.
Егер сіз тұмауға қарсы егілмеген болсаңыз, онда шын мәнінде жұмыс істейтін және тұмауды және ЖРВИ жұқтырудан қорғануға көмектесетін ұсынымдардың бірі қорғаныш маскасын тағып жүру болып табылады. Бұл масканы ауырып қалған да және оның жанында жүрген адам да киіп жүруі керек. Тұмаудан тиімді қорғану интерферон, гриппферон, оксолин майы болып табылады. Қосымша аскорбин қышқылы мен поливитаминдер қолдану қажет. Ең көп С дәрумені ашытылған қырыққабат шырынында, анарда, цитрустар – лимон, киви, мандарин, апельсин, грейпфрукттарда бар.
Ұлттық тиімді құралдардан:
— таңқурай, бал, лимон, қара қарақат, итмұрын қосылған шай;
— қалампыр, даршын татымдары ыстық суда араластырылған бал қатқан сусын;
— дәрумендерге бай жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз;
— құрамында фитонцидтер бар пияз, сарымсақ жеңіз;
— түймедақ, қырмызы, эвкалипт қайнатпасымен тамақты шаю;
— пияз бен балдың тұнбасымен мұрын қуысын дәрі тамызғышымен жуу (3 ас қасық ұсақ туралған пиязға 50 мл жылы су құйып, ½ шай қасық бал (қант) қосып, 30 минут ішінде демдеу.);
— 2-3 минут ішінде ингаляция жасау – 300 грамдық күрішкеге су құйып, қайнату қажет, оған 30-40 тамшы эвкалипт тамшысын қосып немесе пісірілген картоптың буымен демалу керек – олардың құрамындағы пектин вирустарды байланыстырып, жасушаларға өтуге жол бермейді;
— мұрынның шырышты қабығына сарымсақ пен пияздың майлы тұнбасын жағу керек: өсімдік майын шыны ыдыста 30-40 минут су моншасында ұстау керек, 3-4 сарымсақ бөлігін және ¼ пияз ұсақтап, салқындатылған дайындалған майды құю керек. Қоспаны 2 сағат бойы демдеп, сүзгіден өткізу керек.
Тұмау және ЖРВИ тарауы маусымында жаппай іс-шараларға қатысудан сақтаныңыздар және үй-жайдың ауасын жиі желдетіп отырыңыздар, ылғалды тазалау жүргізіп отырыңыздар.
Суық тиюден болатын аурулардың алдын алу – көпкомпонентті және ұзақ процесс, тұмау эпидемиясының маусымдық кезінде ғана емес, өз денсаулығы қамын үнемі ойлаған адамдарда ол әлдеқайда оңай және тиімді жүзеге асырылады. Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спорттың белсенді түрлерімен айналысу ағзаның суық тию ауруларына қарсыласуын арттырады және басқа да көптеген денсаулық проблемаларының пайда болуына жол бермейді.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!
10 қаңтар 2019 ж. 1 510 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 14:12
Cephalexin Used For Cialis Costo Farmacia cialis overnight shipping from usa Levitra Para La Mujer

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031