» » Министрлік менингитке байланысты ата-аналарға кеңес берді

Министрлік менингитке байланысты ата-аналарға кеңес берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингитке байланысты ата-аналарға өте сақ болуға кеңес береді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта менингитпен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Сіздерден балаларыңыздың денсаулық жағдайына барынша мұқият болуды сұраймыз. Менингококк инфекциясы – бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады», – делінген министрліктің хабарламасында. Сондай-ақ ведомство өкілдері дерттің қалай басталатынын айтып өтті. «Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40 градусқа жетеді, адам қалтырайды. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және тағы басқа сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда, менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады». Инфекцияның көзі науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілер жоқ, бірақ менингококк тасымалдаушылары болып табылатын адамдар. Менингит кезінде қандай әрекет жасау керек? Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақытылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады. Менингиттің алдын алу үшін қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу; Суықтамау және ауа райына қарай киіну керек. Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін; Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар; Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.

05 маусым 2018 ж. 1 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031