» » » АУРУЫМ ТҰМАУ ДЕМЕҢІЗ...

АУРУЫМ ТҰМАУ ДЕМЕҢІЗ...


Аурудың жақсысы болмайды. Қыс түсісімен адам біткеннің тұмаумен алысатыны белгілі. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін осы ауруға шалдығып, тіпті кейде науқасын асқындырып та жатады. Жалпы, ауданымызда тұмаудың алдын алуда қандай шаралар жүргізілуде? Тұрғындар тарапынан қандай қарекет байқалады? Осы сауалдар бойынша амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологы Жадыра Кенжебаевамен сұқбатымызда өрбітетін боламыз.

– Сөз басын тұмау туралы мә­ліметтен бастасаңыз?
– Тұмау – адамның жасы мен жынысына қарамайтын қауіпті вирусты жұқпалы ауру. Оның вирусы тұрақсыз, өзгермелі. Шындығында өзгермелілігіне келгенде, тұмауға тең келетін ауру түрі жоқ. Әр жыл сайын ол өзінің қасиетін өзгертіп түрленеді. Тұмау вирусы түшкіргенде, жөтел­генде жұғады. Адамдардың тұмауды қабылдау кабілеті өте жоғары. Онымен ауырған адамның қоршаған ортаға залалы жетерлік. Қауіптілігі – ағзадағы созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-қан тамыры ауруын асқындыруында.   

– Бүгінге дейін аудан бойынша тұмаумен қанша адам тіркеліп отыр?
– Осы уақытқа дейін фильтр кабинетіне  барлығы 55 адам тір­ке­л­­­ді. Оның ішінде 1 мен 5 жасқа дейінгі және 11 мен 14 жасқа дейінгі 5 жасөспірім, сондай-ақ, 28 ересек адам мен 13 жүкті әйел аталған кабинеттен өткен. Осының арасынан науқасы асқынған 5 жасқа дейінгі 2 бүлдіршін, 1 жүкті келіншек аудандық инфекция бөліміне жолданды. Осы кезге дейін инфекция бөлімінде 21 науқас ем қабылдады. Оның 8-і 1 жасқа дейінгі сәби болса, 10-ы 14 жасқа дейінгі жасөспірім, ал 3-еуі жүкті әйел. 

– Сөзіңіздің бірінде фильтр ка­бинеті дегенді айттыңыз. Ол қандай кабинет?
– Фильтр кабинетінен қызуы көтерілгендер өтеді. Сол жерде ем-шара жасалады. Егер қызуы түспесе, онда науқас инфекция бөліміне жолданады. Тұмаудың асқынуын ерте анықтау және оның алдын алу­да ауданда 135 микроаймақ құрылды. Онда 10695 үйді аралау қам­тылған. Осы бағытта жұмысымыз жанданып тұр. 2 фильтр кабинеті жарақтандырылды. Бірі – емханада болса, бірі – қабылдау бөлімінде. Аймақтар бойынша аралағанымызда 1-қазаннан бастап 1 жасқа дейінгі 67 бала, 14 жасқа дейінгі 114 бала тұмау жұқтырғаны анықталып, оларға ем-шара жүргізілді. Сондай-ақ, басқа да жұқпалы аурумен қоса, тұмау және оның асқынуымен науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препарат қоры емханада 10 науқасқа, ауруханада 35 науқасқа жасақталды. 

– Эпидемиологиялық мау­сымда екпенің маңызы зор. Бұл жөнінде нендей жұмыстар істелуде?
Осы жылдың 30-қарашасына дейін жоспарға сәйкес, медицина қызметкерлері, «д» категориясымен есепте тұратын ересектер мен балалар, қатерлі топқа жататын 60 жас­тан асқан азаматтар, мүгедек ересектер мен балалар, 2-ші және 3-ші триместрдегі жүкті әйелдер, тағы басқасы бар барлығы 6041 адамға, яғни 100 пайызға екпе егу жұмысы атқарылды. 

– Тұмаудың алдын алуда қан­дай шаралар ұйым­дасты­рылуда?
– Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымына қарағанда, тұмаумен күресудің ең тиімді жолы – вакцинапрофилактика. Оны күзде бастаған жөн. Өйткені, тұмаудың өршитін кезі – наурыз бен желтоқсан айы. Бұл мезгілде екпе алғанда ағ­за­ның иммунитеті көтеріледі. Ағза­ның қорғанышы 14 күн мен 1 ай аралығында қалып­тасады. Тұмаудың алдын алудың келесі бір шарасы – адамдармен қарым-қатынасты шектеу, адам көп шоғырланатын жерге бармау, бетперде кию, қолды үнемі сабынмен жуу. Науқастың бөлмесін желдетіп, жеке ыдыс-аяғын сайлау да тиімді.

– Халық медицинасына арқа сүйеу қаншалықты дұрыс?
– Иммунитетті көтеру мақса­тында қолжетімді тәсілді де пайдалану керек. Адам ағзасына пияз, сарымсақ, қарақат, итмұрын, қай­натпасын ішу артық етпейді. Аш­ытылған қырыққабат, белокқа бай және цитрус өнімдері тұмауға жақсы әсер етеді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұқбатты жүргізген
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
29 қараша 2018 ж. 2 484 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 10:20
Isotretinoin Acutane Cialis Preisvergleich Generika Comprare Cialis In Farmacia http://kamagpills.com For Sale Discount Progesterone

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031