» » » АУРУДЫҢ ЕМІ - САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ

АУРУДЫҢ ЕМІ - САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ


Қармақшы аудандық орталық
ауруханасының жұқпалы аурулар
бөлімінің дәрігері Ұлықбек Абдулхамидов,
            
Бүгінде құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүрген түрлі жайт бар. Мәселенің түйткілі де сол, ғаламторда өрмекшідей тарап, жаңалықтарды шулатып жатқан, өзекті  мәселе – менингит. Атын естігеннен-ақ денеміздің түршігеді. Бұл ауру қаншалықты қауіпті? Қорғануға бола ма? Бұл дерттен қалай айыға аламыз? Мәселеге жауап іздеп  амбулатриялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасының  жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері Ұлықбек Абдулхамидовке  жол тартқан едік.
1.Елімізде аяқ-асты белең алған менингит ауруының алғашқы белгілері туралы толығырақ айта кетсеңіз.
 -  Қазіргі күні қай телеарнаны қосып қалсаңыз да, менингит  туралы ақпараттар тарап жатыр. Бұл ауру түрі- адам көп жиналатын жерде, ауа арқылы тарайды. Негізгі қоздырғыштары- вирус пен бактерия. Ауру енді басталғанда науқастың дене қызуы өте жоғары болады. 40-41º-қа дейін жетеді. Былай қарасаңыз кәдімгі тұмау түріне де ұқсас. Сондықтан көп адам уақыт өткізіп алады. Егер науқас шалқалақтай беріп, иегін кеудесіне жеткізе алмаса немесе тізелері толықтай жазылмаса тез арада жедел жәрдем шақырғаны жөн. Бұл ауру өте күрделі және шұғыл емді қажет етеді. Менингококк вирусы балаларға үйір. Себебі олардың қабылдауы өте тез.
2.Аяқ асты бұл инфекцияның белең алғаны кімді де болмасын алаңдатпай қоймайды. Бәрінің көкейінде жүрген сауал – менингит қалай пайда болды?  Инфекция қалай тарады?
- Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-ауы адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады. Инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады. Науқас адам түшкіргенде, жөтелгенде, ұзақ әрі тығыз қарым-қатынас кезінде беріледі. Менингиттің қозатын шағы- көктем және күз айларында.
3.Инфекцияға қарсы вакцинаның қандай пайдасы бар? Қарапайым  халыққа қол жетімді ме? Қорғану мақсатында қайдан салдыруға болады?
-Вакцина салдырсаңыз, менингитпен ауырмайсыз деген кепілдік жоқ. Бәрі де мүмкін. Вакцина салдырған адамның өзі детті, жұқтырып алуы ғажап емес. Бағасына келер болсақ, облыста №6 емханада менингитке қарсы екпе сатылып жатыр. Саны шектеулі. Бір дозасы -23 мың теңгені құрайды. Ең төменгі баға бізде деп естігенмін. 
4. Аудан тұрғындарына менингиттен қорғану туралы қандай  кеңес   бересіз?
- Ең бірінші көпшілік  орындарға көп бармау. Бара қалған жағдайда міндетті түрде бетперде киіп жүруі қажет. Мұрын қуысына арнайы жақпа май жағып жүруі тиіс. Қолды жиі сабынмен жуып, қоғамдық көлікке де  сирек отыру керек. Адам көп жиналатын қоғамдық орындарда балалармен  көп болмау және витаминдер мен минералдарға бай азық-түлікті күнделікті  пайдалануымыз қажет.
 - Сұқбатыңызға рахмет!
Сұқбаттасқан:   Арайлым АБАЙҚЫЗЫ ,
«Қармақшы таңы».
11 маусым 2018 ж. 3 210 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 10:12
Comment Prendre Clomid viagra Amoxicillin Sensitivity To Light Sun Exposure

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031