» » ИНСУЛЬТ «ЖАСАРЫП» БАРА МА?

ИНСУЛЬТ «ЖАСАРЫП» БАРА МА?

Жүрек-қан тамыры ауруы бүгінде қоғамдағы өршіп тұрған дерттің бірі. Бұл – елімізді айтпағанда, аймақ, өңір бойынша да алаңдатып отырған үлкен мәселе. Мысалы, кейбір дереккөздерге сүйенсек, аталған аурудан дамыған елдердің өзінде шамамен жылына 3 миллионға жуық адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш көршілес Ресейде миллион, ал Қазақстанда 80 мың адамның өмірін қияды екен. Ең сұмдығы, айтарлықтай жұқпалы болмаса да жер бетіндегі өлім-жітімнің 52 пайызын құрайтыны. Жүрек-қан тамыры ауруы – көбіне ересек кісілерді мүгедектікке шалдықтырады, кейде өлімГе әкелетінде кезі бар. Соңғы кездері айтулы дерттің жиілеп бара жатқаны өте өкінішті. Әсіресе, инсульт, инфаркттен болатын өлімнің етек алып кеткені – қоғам мүшелерін ойландыруда. Аурудың қалай алдын алуға болады? Дәрігер кеңесі не дейді?
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бүгінгі таңда жүрек-қан тамыры ауруының басты себебі – тамақ құрамының өзгер­уіне тікелей байланысты. Адам денсаулығы 70-80 пайыз адам ағзасына жеген тамағына қарай әсер ететінін ескерсек, артық салмақ пен семіздік – жүрек-қан тамыры ауруының, қант диабеті және басқа да көптеген аурудың негізі. Сондықтан тамақтануға немқұрайлы қарамай, оған барынша мән берген абзал. Жүрек-қан тамыры ауруын тудыратын тағы бір себеп – күнделікті кездестін стресс, торығу мен күйзеліс, экологиялық жағымсыз әсер де адамдардың жас-кәрісіне қарамай-ақ жүрек талмасына әкеп соқтырады. Жалпы, көңіл-күйдің денсаулыққа әсері көп. Көңіл толқуы, мазасыздық адам миы арқылы жүретін болған соң жағымсыз эмоция вегетативтік жүйені қоздырып, ағзадағы қан айналымына, ішкі органдар мен эндокриндік бездерге әсері мол. Осының салдарынан ағзадағы гармон қызметі әлсіреп, оның әсері жүрек соғысы мен ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық ет пен қан-тамырының тартылуына әкеледі. Мұнан соң ми шаршап, қан айналымы төмендейді де ми клеткаларына оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамыры қысылуынан инфаркт, инсульт сияқты ауыр диагноз қойылады. Мұның соңы жүректің ишемиялық ауруы, қан көтерілушілік, асқазан жарасы сықылды созылмалы ауруларға тіретеді. Кей дерекке қарағанда, аталған ауру түрімен көбіне ер адамдар шалдығады, – дейді амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы терапия бөлімінің меңгерушісі, терапевт-дәрігер Айгерім Шүлтікова.
Маманның айтуынша, бөлімге түсетін науқастардың дені – ересектер. Дегенмен, шындығы сол, қан қысымымен келетін жастар саны соңғы кезде артқан. Жүрек-қан тамыры ауруына шалдықтыратын тағы бір фактор – адамдардың саламатты өмір салтын ұстанбауында. Темекі шегу, ішімдікке құмарлық та – қандағы холестерин құрамының бұзылуына басты себепкер. Темекі мен ішімдік – адам өмірінің 7-10 жылын қысқартатынын біреу білсе, мүмкін біреу білмес. Ал, холестириннің ауытқуы – семіздік, қант диабеті, тағы басқа да түрлі күйзелістерді туындатады. Дерттің қалай алдын алуға болады?
– Темекіден бас тарту керек. Сосын тамақтану ережесін сақтау өте маңызды. Әсіресе, майлы, қою тағамды көп қолданбаған жөн. Ас мәзірінде, түрлі салаттар дайындағанда тұздың мөлшерін аз қосу. Тәулігіне 4 граммнан асырмау. Құрамында дәрумені мол тағам түрлерін пайдалану қажет. Оған өрік, құрма, алма, бұршақ, қырыққабат жатса, керісінше ақуызы бар тағам түрін мүмкіндігінше аз қолданған тиімді. Бұл ретте асхана әйел аналардыкі болған соң оларға қойылатын талап та жоғары. Денсаулыққа жеміс-жидектің пайдасы орасан. Сондай-ақ, дене белсенділігін сақтау да әдетке айналса, нұр үстіне нұр. Ол адамды семіздіктен сақтайды. Қандағы холестирин құрамын өлшеп тұру да артықтық етпейді, – дейді дәрігер.
ТҮЙІН
Сөзімізді қорыта келе айтарымыз, қайсыбір ауруға да жеңіл қарауға болмайды. Өйткені, ауру – қашан да адам өмірімен өлшенеді. Рас, дәрігер, ауырған адамға ем-шара жасап, тәнін сауықтырар. Алайда, ауырып емделгенше, аурудың алдын алу – адамдардың өз қолында.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
03 қыркүйек 2018 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031