» » » Тұмауға селқос қарауға болмайды

Тұмауға селқос қарауға болмайды


Бүгінде тұмау дерті кей жерлерде өршіп тұр. Әсіресе вирустық инфекциядан тұра алмай жатқандардың қатары көбеюде. Ауданның өзінде былтыр 1180 адам ауырса, биыл 793 адам тұмау вирусын жұқтырған. Ал, мамандар болса биылғы тұмау вирусының белгілері жылдағыдан бөлек деп дабыл қағуда. Алда әлі қыс бар. Дерттен ада болу үшін қандай шаралар қолданған жөн? Мәселенің мән-жайына қанығу үшін аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жол тарттық.

– Жаз, күз өтіп, қыс лебі сезіле бастаған кезде тұмауратушылардың көбейетіні белгілі. Бұған салғырт қарағанымызбен, асқынған тұмаудан көз жұмғандар да жоқ емес. «Бүгін ауырдым, ертең жазыламын» дейтіндер бұл аурудың зиянды жағын біле бермейді. Жалпы тұмаудың адам өміріне төндірер қаупі қандай?
– Тұмау – жіті респираторлық вирустық инфекциялар тобына кіретін жұқпалы ауру. Жалпы елде жыл сайын бұл аурумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Ауырған адам саны арта түссе, тұмаудың асқынуы да кеми түспейді, керісінше өршиді. Вирустар ауадағы белсенділігін төрт сағатқа дейін сақтайды. Сілекей мен қақырық тамшыларында болатын тұмау вирусы – төсек-орында, жұмыс үстелінде және тағы басқа жағдайда кепкен соң екі аптаға жуық, ал бөлме шаңында бес аптаға дейін белсенділігін жоғалтпайды. Тұмаумен ауырған кішкентай бала мен ересектерде созылмалы аурудың қабынуы байқалады. Мәселен, бронхы демікпесі, созылмалы бронхит, жүрек-қан тамыр, бүйрек ауруы, зат алмасудың бұзылуы және тағы да басқа түрлері. Алаңдатарлық тағы бір жайт – жүктілік кезеңіндегі тұмау жұқтыру. Бұл әсіресе балаға зиянын тигізеді. Қауіптісі – түсік тастау мен уақытынан бұрын босану қатерінің орын алуы. Сондай-ақ, тұмаумен әлсіреген ананың ағзасына антибиотиктермен емдеуге болмайтын бактериялық инфекциялар түседі. Сол үшін ең алдымен алдын алу шарасын қолдану керек. Жұқтырған жағдайда міндетті түрде дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.
– Кейде ангина мен бас ауруын немесе әлсіздікті тұмаумен жиі шатастырып жатамыз. Жалпы бұл жұқпалы аурудың алғашқы белгілері қандай?
– Науқастың бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, тамағы қабынады, жөтел пайда болып бас ауырады. Ең кең тараған респираторлық ауру тұмау болған соң, ол риновирустар ретінде туыс вирустар қатарын шақырады. Сауыққан кезде бұл симптомның барлығы дерлік жойылады, өзінен кейін ешқандай да із қалдырмайды. Тұмау және ЖРВИ ауруы әлем бойынша оқиғалар қатарында бірінші орында. Барлық инфекциялық аурудың 95 пайызын құрайды. Оның вирусы адам ағзасының иммунитетін төмендетеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы – 1 апта.
– Тамағымыз ауырып бастаса, денеміз ауырлап, әлсіздікті сезінсек «тұмаураттым» деп салымыз суға кетеді. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» демекші құбылмалы ауа-райынан тұмаудың алдын алдық па?
– ЖРВИ профилактикасы жалпы сауықтырудан таза ауада шынығу, денені шынықтыру, шаңғы, коньки тебу, жүзу, толыққанды дәруменге бай тағамды қолдану арқалы ағзаны нығайту керек. Ал қыстың соңы мен көктемнің басында табиғи текті дәруменді препараттарды орынды қолданған абзал. Инфекция ушығып тұрған кезде көпшілік қатысатын шараға баруға шектеу қою керек. Әсіресе жабық бөлмелерде науқаспен тығыз қарым-қатынас жасамау тиіс. Сырттан келген соң қолды жиі жуу қажет. Дәл осы ережені науқастар да сақтауы керек. Уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын алып, көпшілік орынға бармауға, тұмауратпағандармен байланысқа түспеуге тырысуы керек. Дәке таңғыш тағып, қоғамдық көлікті аз пайдалануы қажет. Тұмау профилактикасы үшін ең кең тараған, әрі қолжетімді құралдың бірі – мақта-дәкелі таңғыш, яғни маска. Алайда, бұл ауру кезінде айналадағы адамдардан өзіңді қорғаудың тиімді әдісі емес. Жалпы инфекция лас қол арқылы тез беріледі. Арнайы жасалған бақылау қолдың күніне 300 рет мұрынмен, көзбен, сілекеймен тығыз қатынаста болатынын көрсетті. Қол алысу, есік тұтқалары, басқа да заттар арқылы вирустар сау адамның қолына өтеді. Ал ол әрі қарай мұрын, көз, ауызға жол тартады. Демек, індет кезінде қол алысудан бас тарту керек. Балалар мейлінше ұзақ уақыт далада қыдыруы тиіс. Себебі, таза ауада тұмауды жұқтыру мүмкін емес. Күніне 2 рет мұрынның алдыңғы бөлігін сабынмен жуса, ауамен жұту арқылы мұрын қуысына түскен бөтен текті құрылымдар бұл кезде механикалық тұрғыда жойылады. Сондай-ақ, ауданның әр бір тұрғынына тегін екпе егіледі. Әсіресе ең алдымен жүкті әйелге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, 6 айға толмаған балаларға салынады.
– Бүгінде тұмаудың алдын алуда жалғыз ғана арнайы әдіс – екпе екені дәлелденген. Жалпы екпенің пайдасы қандай? Ауданда қанша вакцина егілуге берілді?
– Ағзаға екпе егу ауру шақырмайды. Десе де, қорғаныс антиденелердің пайда болуы инфекциямен күресу үшін иммундық жүйені ынталандырады. Бүгінгі екпенің құрамы айналыстағы штаммалармен толық үйлесуі үшін вирус мутациясына сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады. Әрі 90 пайыз оқиғада вирустың үш типінен бір уақытта қорғайды. Тұмау екпесінің тиімділігі бірнеше ай бойы қабылдау қажет болатын медициналық препараттан, иммуностимулятор, дәрумендер, гомеопатикалық заттардан әлдеқайда жо­ғары. Тұмау 3 жасқа дейінгі балаларға, 60 жастан жоғары жастағы қарт және созылмалы ауруы бар науқасқа айтарлықтай қатерлі. Былтыр 1180 адам тұмаумен ауырып, 3000 адамға екпе егілді. Ал, биыл 6041 вакцина егілуге берілді. Тұмаудан қорғанудың тиімді тәсілі – осы екпе егу. Ол асқыну мен өлім қатерін едәуір төмендетеді. Бүгінгі күні індет басталғанға дейін екі апта бұрын екпе жасатуға болады.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
28 қыркүйек 2018 ж. 1 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 738

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031