» » Бразилияда сары безгек ауруынан 297 адам көз жұмды

Бразилияда сары безгек ауруынан 297 адам көз жұмды

Бразилияда сары безгек ауруынан 297 адам көз жұмды
Бразилияда безгек ауруы өршіп барады.
Жылдан-жылға жергілікті билік дертке шалдыққан науқастарды аман алып қалу үшін қомақты қаржы бөледі. Дегенмен инфекция жұқтырғандардың қатары көбеюде. Бүгінде сары безгек індетіне шалдыққан мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Тағы 300-ге жуығы осы дерттен көз жұмды. Қайтыс болғандардың басым бөлігі екпе алудан бас тартып, медициналық көмекке кеш жүгінген.
Сары безгек дерті жайлы дәрігерлер бірнеше айдан бері дабыл қағып келеді. Жан-жақты түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Алдын алу шараларынан соң, қалада тұратындар екпе қабылдай бастады. Бірақ кедей аудандардың тұрғындары жайбарақат.
Сержио Крупо, Санта-Катарина клиникасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі:
- Сәуір айында сары безгек енді етек жая бастағанның өзінде вакцина жеткіліксіз еді. Дерттің қауіпті екенін түсінген адамдар бірден дәрігерлерге қаралды. Ауру біраз уақыт тоқтап тұрды да қайта өрши бастады. Міне, осы себепті індетке шалдыққандардың саны еселеп артып жатыр. Ең қорқыныштысы – аурудан көз жұмып жатқан балалардың көбеюі.   
Жергілікті билік туристік агенттіктер үшін саяхатшылардың барлығы екпе алуға міндетті деген қаулы шығарды. Өз демалыстарын аурухана палатасында өткізуге қауіптенген туристер Бразилияға келуден мүлдем бас тартып жатыр. Туризм саласындағы шығыннан бөлек муниципалитеттер қаражатының басым бөлігін дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсауға мәжбүр. Соңғы деректер бойынша, Санта-Катарина емханаларына күніне екі жүзге жуық науқас түседі. Олардың көбі медициналық көмекке уақтылы жүгінбегендер. 
Крик Густанмантэ, фавела тұрғыны:
- Жеке өзім ешқандай екпе салдырмадым. Дегенмен балаларым вакцина қабылдады. Олардың өмірі алда ғой. Мен дертті жұқтырып алудан қорықпаймын. Дәрі-дәрмек алу үшін қалаға барып, кезекте тұру керек. Оған тұтас бір күнің кетеді. 
Осындай немқұрайлылық салдарынан сары безгектен 297 адам көз жұмды. Тағы 3 мыңға жуығы ауруханаларда өз өмірі үшін күресіп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, алдағы екі аптада дертті жұқтырғандардың саны азаймаса, Бразилияда карантин жарияланады.
30 шілде 2018 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031