» » Жаппай екпе жұқпалы індеттің жолын кеседі

Жаппай екпе жұқпалы індеттің жолын кеседі

Қазіргі таңда елді елеңдетіп отырған мәселенің бірі – екпе (вакцина). Соңғы кезде осыған қатысты қоғам пікірі екіге жарылды. Бірі – мұның вирустың алдын алады десе, енді бірі – зиянды тұсы бар деген ойды айтады.
Екпе жөнінде жазылған мақалаларды сараптап қарасақ, оның зиянынан пайдасы көп екеніне көз жеткіземіз. Әрі ғалымдар оны адамзаттың үздік жетістігінің бірі деп санайды. Әлем мойындаған екпені қазақ даласына алып келгендердің бірі – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Ол екпені алғаш шешекке қарсы пайдаланған екен. Әрі бұл әдісті еуропалықтардан бірнеше ғасыр бұрын енгізгені туралы деректі оның «Шипагерлік баян» атты еңбегінен табуға болады.
Жоғарыда айта кеткендей, екпе біздің тәжірибемізде бар дүние. Оны аурудың алдын алу мақсатында қолданады. Екпе егу арқылы біз аурудан сақтана аламыз деген сөз. Мамандардың айтуынша, вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың өте тиімді және қауіпсіз әдісі. Бүгінгі таңда профилактикалық егу күнтізбесі көптеген елдерде жүзеге асырылуда. Қазақстанда екпе жиырма бір ауруға қарсы жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қаңтар айынан бастап әлемде COVID-19-ға қарсы 237 вакцина әзірленуде. Оның ішінде 64-і клиникалық сынақтан, 173-і клиникалық сатыдан өтеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның мәліметтері бойынша, әлемдегі 42 ел қазірдің өзінде COVID-19 вакцинация­сын енгізді. Оның ішінде АҚШ, Израиль, Еуроодақ елдері (28), ТМД елдері – бұл Ресей мен Беларусь. Ал қалған вакциналар әлі де зерттелуде.
– Екпе бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне салынатын болады. 4 ақпандағы мәлімет бойынша облыста 400-ге тарта медицина қызметкері екпе салдырды. Ауданға әлі келген жоқ. Біз қазір медицина қызметкерлерінің тізімін жасақтап қойдық. Екпе келген бойда бірден бастап кететін боламыз. Вакцина ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Демек ұжымда жұқтыру қаупі төмендейді. Екпе салдырған алғашқы 3 күнде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы секілді организм реакция беруі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Екпені 18-65 жас аралығындағы адамдар салдырады. Балалар мен жүкті әйелдер, емізулі аналарға салдырмайды. Сонымен қатар бұрын КВИ ауырған науқастар мен ПТР зерттеу нәтижесі оң болған жандарға екпе егуге кеңес берілмейді, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 ақпан 2021 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031