» » Екпе салу науқаны басталды

Екпе салу науқаны басталды

Күз бен қысқы салқын кезінде адамда суық тиіп, тұмау жұқтыру белгілері көп байқалады. Сол себептен денсаулық сақтау мамандары екпе салу жұмыстарын бастайды. Індеттің алдын алу мақсатында 15 қыркүйектен бастап бұл шара ауданда да басталды.
– Иммунитеті әлсіз, аурушаң адамдар қыс бойы бірнеше рет тұмау жұқтырып жатады. Ал сол тұмауды оңай өткеру, оны жұқтырудан сақтап қалуда екпе салудың орны ерекше. Жыл сайын тұмаудың жаңа түрлері пайда болып, олардың денсаулыққа зияны артып келеді. Міне, осының барлығының алдын алу үшін екпе салу науқаны жүргізіледі, – дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасының эпидқадағалау бөлімінің бас маманы Сәуле Саймбетова.
Маманның айтуынша, вакцинациялау тұмауды жеңуге зор септігін тигізеді. Ол ауруды мүлдем болдырмайды емес, бірақ оның тез өтуіне көмектеседі және асқынудан сақтайды. Вакцина созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина мамандарына, балалар үйі мен мектеп-интернатта тұратындарға, мүгедектер мен 60 жастан асқандарға тегін салынады. Қалған адамдар медициналық орталықтарда екпені ақылы түрде қабылдап, аурудан сақтана алады. Екпенің кері әсер беретін тұстары болғандықтан, оны салдыра алмайтын адамдар да бар. Оның ішінде жұмыртқаның ақуызына аллергиясы шығатын, ауруы асқынған, дене қызуы жоғары және бұрын тұмауға қарсы вакцинаға кері әсер берген адамдар бар. Жалпы алғанда барлық өнімнің қарсы көрсетілімі болады. Олар екпенің түріне байланысты. Ең қауіпсізі – ине арқылы егілетін екпелер.
– Еліміз бойынша 5 мыңнан астам екпе салдыру кабинеттері жасақталды. Маусымдық вакцинацияның алдында 7 мың дәрігер мен 15 мың кіші аяжан арнайы оқытудан өтті, – дейді Денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
Биыл екпе салу эпидемиологиялық ахуалға байланысты ерте басталды. Ал оны елімізде Нұр-Сұлтан қаласының №6 емханасында ең бірінші болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдады. Ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев та көпшілікпен бірге тұмауға қарсы екпе салдырып, "Негізі екпе салу – тұмаудың алдын алуға таптырмас мүмкіндік. Біз ұсынып отырған вакцина Ресейден шыққан. Ол күз және қысқы мезгілдегі тұмаудың алдын алуға көмектеседі" деді.
Жалпы екпені қарашаның ортасына дейін салдыртқан дұрыс. Өйткені оны салдырған соң адам ағзасындағы иммундық жүйенің қорғаныш қабілетінің оянуына 2 аптадай уақыт қажет. Екпені салдырған соң дене қызуы 37,5°С дейін көтеріліп, қызару мен аздап ісу белгілері байқалуы мүмкін. Алайда ол үрейге бой алдыруға себеп емес. Себебі – бұл иммундық жүйенің түзіліп жатқанын білдіретін қалыпты реакция. Мамандардың айтуы бойынша, жағымсыз болса да, бір-екі күнде қайта қалпыңызға келесіз. Есесіне сіздің ағзаңыз тұмауды тез өткеру мүмкіндігіне ие болмақ.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
22 қыркүйек 2020 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031