» » Қызылордада 3 күн ішінде 340 адам вакцина салдырды

Қызылордада 3 күн ішінде 340 адам вакцина салдырды


Қызылорда қаласында «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бүгінге дейін 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкерлері болса, қалған 20-сы ерікті түрде екпе салдырғандар.
Қалаладағы №6 қалалық емхананың аға мейірбикесі Ләззат Байтабынова ерікті түрде екпе алғандардың бірі. Вакцина салдырғаннан кейін денсаулығымда еш өзгеріс болған жоқ дейді.
-Тұрғындармен жиі қатынасқа түсетіндіктен медицина қызметкерлінің вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан дәрігерлердің екпе салдырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда осы вакцинацияның арқасында көптеген дерттің алдын алуға қол жеткіздік. Бұл вакцинаның да коронавирус инфекциясының қаупін сейілтеріне сенімдімін. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ. Сондықтан өзге азаматтарды да вакцина салдыруға шақырамын, - дейді Ләззат Байтабынова.
Бүгін өңірімізге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға қазір №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған. Алғашқы кезеңде екпе қабылдағандардың денсаулығы бірқалыпты, еш шағымдары жоқ дейді мамандар.

04 ақпан 2021 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031