» » Қызылордада 640 адам екпе салдырды

Қызылордада 640 адам екпе салдырды


Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары 1-ақпанда басталды. Он күн ішінде 640 адам екпе салдырды.
1 ақпан күні – 105, 2 ақпан күні – 165, 3 ақпан – 70, 4 ақпан – 60, 5 ақпан – 60, 8 ақпан – 60, 9 ақпан күні – 60, 10 ақпан - 60 адамға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынды. Айта кетейік, олардың 617-і медициналық қызметкерлері болса, 23 – басқа саланың өкілдері.

- Облыс бойынша медицина ұйымдарында 154 екпе кабинеті бар. Соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға 32 екпе кабинеті мен 12 жылжымалы егу бригадалары дайындалды. Осы кезге дейін вакцина салдырғандар арасында шағым болған жоқ. Денсаулықтары тұрақты бақылауда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

– «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе жұмыстары қаладағы №1, №3, №6 емханалар базаларында жүргізілуде. Екпе салдырған азаматтар арасында егуден кейінгі ауыр түрдегі асқынулар орын алған жоқ, – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясымен 3666 науқас тіркелсе, соңғы тәулікте 9 жағдай анықталып отыр. Олардың 96,5 пайызы емделіп шыққан. Қазір инфекциялық стационарда 30 науқас ем алуда. Оның 3-уі жансақтау бөлімінде жатыр.
10 ақпан 2021 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728