» » Салтанат Қалмұрзаева: «Кеселді жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру»

Салтанат Қалмұрзаева: «Кеселді жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру»


– Қазір әлем елдері коронавирус індетімен қолдан келгенше күресіп жатыр. Жұқпалы дерт халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіруде. Ал бұл кеселді жеңудің негізгі жолы - вакцина салдыру. Өкінішке қарай, көпшілік әлі күнге дейін екпеге күмәнмен қарайды. Меніңше, әрбір адам кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ асуы керек.
Мәселен, мен медицина қызметкерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бір емес, екі компонентін де алдым. Және бұл шешімді ерікті түрде қабылдадым. Екпе салдырғаннан кейін денсаулығымда ешқандай келеңсіз жағдайлар болған жоқ. Тәуірмін.
Айтайын дегенім, адам вакцина жасау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Сонда сіз екпе салдырып өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың әл-ауқатына қамқорлық жасасыз. Міне, коронавирус індетін жоюда осы ұжымдық иммунитет негізгі рөл атқарады. Сондықтан әрбір адам вакцина салдырып, сақтық шараларына көңіл бөлу қажет, – деді қала тұрғыны Салтанат Қалмырзаева.

15 сәуір 2021 ж. 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031