» » Қызылордалық мұғалімдерге вакцина салынып жатыр

Қызылордалық мұғалімдерге вакцина салынып жатыр


Бүгін өз еркімен өтініш білдірген қызылордалық ұстаздарға «Спутник V» вакцинасы егілді. Ереже бойынша алдымен әрқайсысының денсаулығы тексеріліп, кейін екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды.

- Екпе алғаныма 15-20 минуттай болды. Ешқандай әсерін сезініп отырған жоқпын, кәдімгідей қалыпты жағдай. Бұдан қорқудың ешқандай қажеті жоқ. Біздер білім ошағында жұмыс істейміз. Алдыңғы кезекте екпе салдырғанымыз дұрыс. Әрбір саналы азамат өзінің болашағы үшін, айналасындағылардың амандығы үшін вакцина алу керек деп ойлаймын, -деді Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицей директорының орынбасары Айжан Әлімова.

Облысқа коронавирус инвекциясына қарсы егілетін 6200 «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і бірінші компонентте, 2600-і екінші компонентте егілетін болады.

ІІ кезеңде вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болып саналатын жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.

Айта кетейік, вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни, алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады.
04 наурыз 2021 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031