» » » ҚҰНДЫЛЫҚҚА ҚҰРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ

ҚҰНДЫЛЫҚҚА ҚҰРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ

Біз өмірде өзіміз мән бермейтін дүниелер бар. Барымызды бағаламай, күйбең тіршіліктің соңында кетеміз. Осындайда санаңды сілкіп, ойыңа ой, миыңа жаңа көзқарас қалыптастыратын әдемі әлем бар. Ол – театр. Онда бір барып, қойылымды көрген адам міндетті түрде қайта барғысы келетіні анық. Себебі ондағы күй тіпті бөлек.
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытов «... театр деген ермек нәрсе емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны» деген. Ол рас. Себебі онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді. Театр өнерін жинақтаушы, ұйыстырушы, тек қана артистер мен режиссерлер, суретшілерді, драматургтарды, композиторларды ғана емес, сонымен қатар көрерменмен диалог тудырушы өнер ретінде тану керек. Бұл өте маңызды. Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да адамды өзгерту және әлемді тану шығар.
Жуырда Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Кездесу мен қоштасу» атты спектакль-мюзикл қойылымы сахналанды. Шығармашылық кешке аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, отбасы институтының өзекті мәселелерін арқау еткен қойылымды тамашалады. Қойылымда қазіргі қоғамда жиі кездесетін отбасы мәселелері, ерлізайыптылар арасындағы қарымқатынас, түсініспеушілік пен тұрмыстық қиындықтар көркемдік тәсілдермен шынайы бейнеленді. Спектаклдің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұялық келісім мен өзара сыйластықтың маңызын кеңінен насихаттау.
Қойылымның шымылдығы жанды дауыста сезімге толы ән мен түрілді. Аудан өнерпаздары қойылымның ең әдемі тұстарын әнмен әрлеп отырды. Бұл өте ерекше әсер сыйлады. Ал қойылым кейіп керлері мағыналы өлеңмен көпке ой салды. Аудан бишілері қойылымға би арқылы мән берді. Әлсіз әйел болмысын, отбасылық құндылықты бимен көрсете білген ұтымды қойылым болды.
Оқиға желісінде отау құрған жандардың отбасы алдындағы жауап кершілігі айқындалып, өмірдің өтпелі қиындықтарына қол ұстасып қарсы тұра білуі қажеттігі көрініс табады. Алғашқы махаббат, алып-ұшқан сезім жайына қалып, тұрмыс-тіршіліктің сан түрлі талаптарына көндіге алмай, ұрыс-керіс ушығып, ақыры ажырасуға бел байлайды. Бәрі де жеке басының тыныштығын қалайды, жанының дауасын жалғыздықтан іздеп, шарқ ұрады. Алайда жақын адамдардың бір-бірінен оқшауланып, өз ортасынан жырақтауы мәселенің шешімі емес еді. Осы көріністі айқын көрсете білген өнерпаздар көпшілікке ой салды. Жоғарыда аталған отбасылар сотқа шағым данып, бұдан әрі бірге тұра алмайтынын айтып, өздерін заңды некеден жедел ажыратуды сұрайды. Алайда судья ерлі-зайыптылардың арасындағы жағдайды барынша зерттеп, татуласуға уақыт береді. Оқиғаның тағы бір бұрылысы судьяның өз отбасындағы оқиғаға ұласуы да көрермен үшін күтпеген дүние. Өзге отбасыға ажыраспауды насихаттап жүрген жанның өз шаңырағы да шайқалу үстінде еді. Алайда уақытында қабылданған дұрыс таңдау оң өзгерістерге бастады. Мұнда отбасын ұстап қалудағы жауапкершілік ер мен әйелдің екеуіне де қатысты екені толық түсінікті жеткізілді. Қойылымның астарында қазақта айтылып жүрген «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мәнмағына жатыр. Тағдыр қандай қиын болса да, ерлі-зайыптылар бәріне төзіп, болмашы дүниелерге ажыраспай, отбасы мен бала-шағасының болашағын ұмытпауы керек деген түйін түйіледі.
Қойылымнан кейін көпшілік ерекше тебіреніске түсті. Ойлы дүниені толық тамашалаған аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов өзекті мәселені өткір жеткізе білген ұжымға ризашылығын білдірді. Ал партия ардагері, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы көрерменге керемет мүмкіндік сыйлады деп тұжырымдайды.
– Қоғамдағы өзекті мәселені сахнада шеберлікпен сомдаған аудандық мәдениет үйінің өнер паздарының өнері көрермендерін сүйсінтті. Қойылымның режиссері Мадияр Махамбет өте талантты жас. Қазіргі қоғамдағы жас отбасылар арасындағы шынайы өмірді шеберлікпен көрсете білген. Үш отбасының тағдырын ойнаған жастардың өнерлері көрерменге ерекше әсер қалдырды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ұлттық санамыздың өсуіне де ықпалын тигізген қойылым болды. Отбасылық кикілжіңдердің түйінін шешуге, бір-бірін түсіністікке жет кізген, бала тағдырын ойлаған, отбасының тірегі тек сыйластықта екенін жеткізген қойылымның шарықтау шегі көрермендерге керемет ой салды. Жалпы театр өнері адамды мәдениеттің биігіне жетелейді, осын дай тамаша мүмкіндік сыйлайтын құдіретті өнер ғой. Шынайы қойылымды тамашалап отырып «қоғам үшін керек бастама болды, алдағы уақыттарда жалғасын таба берсе» деген тілекте болдық. Талантты режиссер Мадияр Махамбетке, рөлдерді сомдаған талантты жастарымызға шексіз алғысымызды білдіреміз, – дейді Гүлжауһар Төлегенқызы.
Расында, театр – ең қиын өнердің бірі. Өйткені ол әдебиетті, актерлік ойын мен музыканы біріктіреді. Сапалы спектакль жасау үшін көп адамның күш-жігері қажет және спектакльдің сәтті шығуы олардың әрқайсысына байланысты. Қойылым барысында біз тек сахнадағы жандарды ғана көруіміз мүмкін. Алайда сахнаны әрлеуден бастап, музыка беріп, жарықты дәл уақытында қосу, ауыстыру көрермен байқай бермейтін дүние. Осының бәрі әдемі үйлесім тапқанда ғана қойылым көптің көңілінен шығады. Осы ретте қойылым режиссерін де сөзге тарттық.
– Өкінішке орай, бұл тақырып – қоғам назарындағы дүние. Неге десеңіз, әлеуметтік желіні аша қалсаңыз да күйеуіне ренжулі әйел, жарына көңілі толмайтын күйеуді көреміз. Қойылым тақырыбын да «Кездесу мен қоштасу» деп аяқсыз қойдық. Келген көрермен алғашында «сонда қоштаса сала ма?» деген ойда болды. Біз бұл қойылым арқылы қоштасып тұрып, қайта қауышуды жеткізгіміз келді. Себебі адам бір дүниені жоғалтқанда ғана оның қадірін түсінеді. Бұл – өмірдің заңдылығы. Қойылымда ер адам мен әйел психологиясын тең көрсетуге, сөйлесу арқылы кез келген дүниенің шешімін табуға болатынын айқын жеткізуге ұмтылдық. Көп адам керек дүниесін алды деген ойдамыз. Негізінен пьесаны жазуға ұзақ уақыт кетті. Ондағы ән мен биді үйлестіру, барлығын жанды дауыста ұсыну шеберлікті талап етеді. Дайындыққа шамамен 20 күндей уақыт жұмсалды. Десе де, қойылымды жоғары деңгейде алып шықтық. Оны қойылым соңындағы қошеметтен, әлеуметтік желіге жазылған алғыс пікірлерден аңғардық. Осы ретте қолдау білдірген Мәдениет үйінің басшысына, бұл мамандықты меңгермесе де өнерге деген махаббатының арқасында әдемі қойылым ұсына білген барша әріптестеріме алғысым шексіз, – дейді қойылым режиссері Мадияр Махамбетов.
Қорыта айтсақ, бұл туынды отбасы тақырыбын жаңа қырынан ашып, жастар мен ата-аналар үшін маңызды ой тастады. Қойылым мазмұны, сахна мәдениеті және актерлердің шынайы ойыны арқылы көрермендердің оң бағасын алды. Айта кетейік, спектакльді тамашалауға келген халықтың қарасы көп, дені жастар болды. Отбасы құндылығы тақыры бын арқау еткен қойылым кездесу мен қоштасу, шайқалған шаңырақ пен бағаланбаған бақыт туралы сыр шертіп, қоштасу алдында жүректің үнін тыңдауға үйретті.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
26 сәуір 2025 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 740
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031