» » Балалар театры ашылды

Балалар театры ашылды


Жақында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Самға» балалар театрының тұсауы кесілді. Театр ұжымы жүрегі өнер деп соққан, талантты һәм талапты оқушылардан құралған. Театрдың ашылуында мектеп директоры Гүлжахан Мұнарбаева мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова сөз сөйлеп, лентасын қиды.
– Ашылып отырған балалар театрының ұжымы алдағы уақытта мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелік мәні мен мағынасы мол қойылымдармен қуантады деген сенімдемін. Мектеп оқушыларынан құралған театр актерлары сахнаның ең биік шыңынан көрініп, болашақта алар асуы биіктей берсін, – деді мектеп директоры.
Жетекшісі Ақмарал Өксікбаева бастаған театр ұжымы алғашқы қойылымды «Қошқар мен теке» ертегісінен бастады. Қойылымды бас­тамас бұрын ең алдымен өздерінің дайындық кезіндегі қызықты сәттерден бейнебаян көрсетіп, көрерменді қуанышқа бөледі. Мұнан соң тамаша қазақи әуенмен театр шымылдығы ашылып, өнерпаздар ә дегеннен ертегі кейіпкерлерін ойнады. Ертегіні сомдауда талантты оқушылар үлкен сахна актерларынан кем түспеді. Көрермендерді күлкіге қарық қылып, жақсы көңіл күй сыйлады. Таң-тамаша өнер ұжымының шығармашылығына тәнті болған көрермен шапалағын аямады.
Қойылымнан соң жас өнерпаздар демеушілік жасаған мектеп басшысына, ертегі кейіпкерлерінің киімін дайындаған және сахна дизайнын үйлестірген шебер ұстаз Болатбек Өксікбаевқа алғыс білдірді. Алдағы уақытта «Самға» балалар театры көрерменге керемет қойылымдар көрсете бермек.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
21 желтоқсан 2021 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 813

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930