» » » Дос – көңілдің күмбезі

Дос – көңілдің күмбезі

qarmaqshy-tany.kz АДАМЗАТ БАЛАСЫ ҮШІН КІНДІК ҚАНЫ ТАМҒАН ЖЕР ЫСТЫҚ ЕКЕНІ РАС. «ТУҒАН ЖЕРДІҢ АУАСЫ ДА ШИПА» ДЕСЕК АРТЫҚ АЙТҚАНДЫҚ ЕМЕС. АДАМ ҮШІН ШЫР ЕТІП ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕННЕН БАСТАП ТУҒАН ЖЕР ДЕГЕН ҰҒЫМЫ ЖАҚЫН. ЯҒНИ, ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ЖҮРЕГІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ ҰЯЛАЙДЫ.

Тарихымыздың өткен жылдардағы парағын ақтарсақ, қазақ халқы талай қиындық пен тағдыр тауқыметін басынан өткерді.
Киелі Қармақшы өңірі тарихында қаншама атпал азамат туған елінің жарқын болашағы үшін тер төкті. Солардың бірі – Иіркөл ауылының тумасы Темірбек Елеусінов.
Ал, енді осы азаматтың өткен өмірі жайлы бүгінгі ұрпақ не біледі, ол нендей ісімен ел есінде қалды? Осы жайлы бірер сөз айтсақ.
Темірбек Елеусінов 1953 жылы Қармақшы ауданы, Молотов колхозында Әбдір есімді жылқышы отбасында дүние дидарын ашып, өсе келе аудан орталығындағы No26 қазақ орта мектебін тәмамдады. Сол жылы Тараз қаласындағы гидротехникалық институтына «инженер-техник» мамандығы бойынша оқуға түсіп оны бітірген соң, алғашқы еңбек жолын туған ауылында бастады.
Жас маман шаруашылықта еңбек ете жүріп, өзіне міндеттелген тапсырмаларды жауапкершілікпен атқара жүріп, құрмет төрінен көрінді. Басшылары оның ұйымдастырушылық, жауапкершілік қабілеттерін ескере отырып, бірнеше рет жауапты қызметке тағайындады.
Ол кезде Октябрь әскери кеңшары Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Орта Азиялық әскери округіне бағынатын. Міне, өзінің тиянақтылығымен басшылық тарапынан қолдауға ие болған Темірбек Елеусінов аталмыш кеңшар басшылығының ұсынысымен аудандық, облыстық, республикалық жиын, семинар және конференциялар мен пленумдарға қатысты. Тіпті мүшелікке қабылданды. Жас та болса іскерлігімен танылған жас маман жылдар өте коммунистік партия қатарына қабылданып, кейіннен ауылдың коммунистік партия ұйымының хатшысы қызметіне сайланды. Ал жыл өте кеңшардың бас инженері қызметіне тағайындалды. Сол жылдары Байқоңыр ғарыш айлағының азық-түлік мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұрған кеңшардың инженерлік-техникалық жүйесін басқару үлкен жауапты іс болатын. Бұл қызметті Темірбек Әбдірұлы абыроймен атқарды.
Тоқсаныншы жылдардың басында Кеңес Одағы ыдырап шаруашылықтар мен кәсіпорындар тарай бастағанда атпал азамат Байқоңыр қаласының қалалық су жүйесі мекемесінің қаланы сумен қамтамасыз ететін бөлімінде механик қызметін абыроймен атқарды.
Иә, осындай өнегелі өмір жолымен туған халқына танылған Темірбек Әбдірұлы көпшіл болды, дос-жаран, ағайын-туысқандарын жанына тартып, қамқорлығын аямады.
«Мал қонысын, ер туысын іздейді». Кешегісін ойлап, болашағын болжап отырған бабаларымыз ұрпағына осындай аталы сөз қалдырған. Бабалар аманатын өзіне пір тұтқан, ағайынның татулығын ұлағат еткен Темірбек Әбдірұлы туыстық пен достық байланыстың маңыздылығы мен парқын ерте түсінді. Олардың бір-біріне бауырмал болуына жұмыс жасады.
Өмірде болып жатқан жаңалыққа, жақсы кәсіптерге жаны құштар Тәкең ағамыз атқарып жүрген қызметімен қатар жеке шаруашылық құрып, оны дамытты.
Арманы асқақ, жоспары маңызды маман өмірінің соңғы жылдарында үлкен кәсіп бастасам деп жоспарлаған болатын. Әттең, сұм ажал оның арманын өзімен бірге алып кетті. Көзі тірі болғанда сол арманын жүзеге асырып, осы заманның кәнігі кәсіпкері болып жүрер ме еді? Оған күш-жігері де, сауаты да жететін еді, бірақ қапыл өлімге душар болды.
Осы күні достары мен ағайын-туысы онымен өткізген қызықты күндерін, тапқырлықпен, әзілмен айтқан сөздерін сағынышпен еске алып отырады.
Темірбек ағаның өмірлік жары, бар саналы өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағаты ұстаз Раушан апай да оның саналы өміріне сенімді серік болды.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, зиялы қоғамның діңгегі. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр баланың сәтті қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы орасан. Отбасы деген шағын мемлекеттің берік те бақытты болуы үшін ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек.
«Орнында бар, оңалар» дегендей, артында қалған, әке ізін жалғастырған ұл-қызынан атпал азаматтың бейнесін көреміз.
Темірбек аға мен Раушан апайдан тараған ұрпақтар бүгінде тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне тер төге еңбек сіңіріп, өздері қалаған мамандықтарының иесі атануда. Атап айтар болсақ, Ержан мен Еркін жеке кәсіпкер, қызы Көркем мәдениет саласында ел дамуы жолында сүбелі үлесін қосуда.
Төлеген БЕТАЕВ
12 қаңтар 2023 ж. 739 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031