» » Ана тілі – ұлт болашағы

Ана тілі – ұлт болашағы

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, қолданыс аясы кең тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының – ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға енген қасиет туған тілдің құдіретімен дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас туған тіліңді білуден басталады.
Ана тілі – халқымыздың рухани байлығы, баға жетпес асыл мұрасы. Оның қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заты тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбатымыз. “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” – деген еді біртуар ақын М.Жұмабаев. Қынжылтатыны, қазір туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндер көп. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде кейбір адамның қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тіліне зиян шектіруде. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс.
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам болмайсың. Тіл тағдыры – елдің тағдыры. Әр адам ана тілін біліп, оны құрметтеуге міндетті.
Жанат Ергалиева
19 қыркүйек 2019 ж. 16 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 189

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 306

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930