» » Ұлт қазынасы

Ұлт қазынасы

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті.
Сол халықтың мәдени әлеу­меттік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өс­іп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қо­ғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаз бен құжат мемлекеттік тілде болуы тиіс. Ана тіліміз – әкеміздің қанымен, анамыздың бесік тербеп салған әнімен бойымызға сің­ген, туған халқымыздың небір асыл жәдігерлерін заманымызға жеткізген қастерлі тіл. Ана тіліміз – ұлтымыздың жан дүниесі.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Қазіргі таңда өз ұлтымызда да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Солай бола тұра бізде қазір көптеген қандасымыз үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Тілді үйрену – өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан-дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шы­ғармайық. Еліміздің әр азаматы тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш­ уақытта ұмытпауы тиіс.
Ж.Ергалиева,
Қармақшы АПб-нің Кадр жұмысы тобының инспекторы.
01 сәуір 2019 ж. 1 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930