» » Қазақ Елі, қазақ тілі-мәңгілік

Қазақ Елі, қазақ тілі-мәңгілік

Халық аралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ Елі, қазақ тілі-мәңгілік» атты облыстық семинар-кеңесінің бағдарламасы аясында оған қатынасушылар кітапханалар жүйесінің «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының жұмысыменмен танысты. Семинар–кеңеске қатынасушыларды бастауыш ұйымның төрайымы Б.Раева «Мемлекеттік тіл-ұлт болашағы» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесімен таныстырудан бастады. Қатынасушылар бастауыш ұйымның іс-қағаздарымен танысты. Кітапхананың бөлімдерін, «Электронды оқу» залын аралап көрді. «Қазақ тілі» қоғамының бастауыш ұйымының жиналысына қатынасты. Жиналыс 2001-2011 жылдары халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы болып, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласқан Жаңаберген ағамызды еске алумен басталды. Кітапхананың әдістеме-библиогарафия бөлімі құрастырған «Тіл-өмірдің тамыры»атты әдістемелік құралдың таныстырылымы өтті. Тұрмағамбет ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.Далдабаева, ІІІ-Интернационал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Р.Тұрманова, Халық аралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филалының төрағасы Ә.Құлдүйсеновтер тақырыпқа сай өз пікірлерін білдірді. Басқосуды "Қазақ тілі" қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Аңсат қортындылады. Бас қосу «Шұбат-натюрморт» атты іс-шарасымен аяқталды. Барлық қатынасушылар «Тілімнің туын құлатпас, Елім деп соққан жүректер» деген пікірмен тарасты.

27 сәуір 2018 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031