» Тіл мәртебесін көтеру-баршамыздың азаматтық борышымыз

Тіл мәртебесін көтеру-баршамыздың азаматтық борышымыз

Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.
Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».Сонымен қатар, аталған Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлтардың ұлтаралық ортақ тілі. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.
---
12 қыркүйек 2018 ж. 2 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031