» » Ана тілім арым бұл...

Ана тілім арым бұл...

Ресми деректерге сүйенсек, бір жылда 24 тіл өледі екен. Сондағысы әлемде айына екі тіл ажал құшады. Тілдің өлуі – осы тілде сөйлеушілердің жойылуы дегенге саяды. Бұл – трагедия ғой.
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. Оның ішінде біз де бармыз. Иә, еліміз егемендігін алды. Бой тіктеді.  Ана тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
Ана тілі – ананың ақ сүтімен бойға дарыған, жүрек сырын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Ана тілінің қадір-қасиетін білген халық та оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Неге? Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Халықтық қасиетті мұрасы, ана тіліміз – қазақ тілі.
Тіл – жеке барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени-әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы. «Ұлттың қуаты тілінде». Сол үшін бабадан жеткен аманатқа қиянат жасамау біздің борышымыз.
Ж.Ерғалиева.
19 маусым 2019 ж. 3 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031