Тұлғаға тағзым

Сыр бойы – талай аңыздар мен тарихи оқиғаға бай өңір. Шашақты найза қолға алып, кеудесін жауға тосып, елін, жерін қорғаған батырлар мен толқынды жырлар, тақпақтап келетін назымдарды шығарған ақындар шоғыры өте көп. Ел үшін аянбай тер төкен тұлғалар да көп. солардың бірі –  Темірбек Жүргенов.
Кеше Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Темірбек Жүргенов рухы – қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі» атты танымдық кеш болып өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы ашып, бүгінгі жас ұрпаққа қаламды қайраткер, жазушының өмірінен қысқаша сыр шертті. Алғашқы әліппені жасаушы Ахмет Байтұрсынов болса, мектептердегі орта білім беру саласына үлкен үлес қосқан азаматтың бірі – Темірбек Жүргенов екенін тілге тиек етті.
Кеш одан әрі Ш.Уалиханов атындағы №26 мектеп оқушылары дайындаған «Нарком Жүргенов» атты сахналық қойылымдарға ойысты. Темірбек Жүргеновтың туған тілге деген сезімін паш еткен Қайырбектің «Болса ғой министрлер Жүргеновтей» деп аталатын жырлары айтылды. Сахна төріне Айдос Рахметов пен Әділхан Қуаңбаев шығып, Тұрмағамбет пен Темірбек болып, шағын қайым айтыстан көрініс көрсетті.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ,
                                                                                 «Қармақшы таңы»
   
19 сәуір 2019 ж. 1 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728